Марлен Ғилымхан Марлен Ғилымханның «Жусан» психологиялық драмасын тамашал...
Астанада белгілі хореограф Тұрсынбек Нұрқалиевті еске алу кеші өтті (Видео)
Еске алу кешінде танымал өнер адамдары сахнаға шықты.
Олардың қатарында қазақстандық өнерді елімізде және шетелде танытып жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Мәдина Өнербаева, Әйгерім Бекетаева, Әнел Рүстемова, Бақтияр Адамжан, Еркін Рахматуллаев, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаттары Әсел Шәйкенова, Арман Уразов, Жәнібек Иманқұлов сияқты әртістер бар.
Әнел Рүстемова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
- Әр қойылым, әр номер Тұрсынбек Әбдібайұлымен байланысты. Бүгін көрермен оны сезінеді деп ойлаймын. Оны билегенде өзіміз де сезінеміз. Өйткені мен бұрынғыдан да өзгеше, барымды салып өнерімді көрсетуге тырысып жатырмын. Бүгін тәнім ғана емес жаным да билегендей болды. Тұрсынбек Әбдібайұлы туралы есте мәңгі сақталып қалатын ыстық естеліктерім бар. Өйткені бұл адам мені балет шебері ретінде қалыптастыра білді. Менің карьералық жолымдағы маңызды тұлға. Ол маған сенді. Сондықтан жетекші партияларды орындауға мүмкіндік берді. Сол үшін де мен оған өмірімнің соңына дейін алғыс айтамын.
Концерттік бағдарламаны Тұрсынбек Нұрқалиевтің жары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалия Бөрібаева әйгілі балетмейстер жұмысының принципі бойынша құрастырғанын айта кеткен жөн. Көрермендер назарына Хэгерти, Форе, Шостакович, Прокофьевтің жарқын хореографиялық композициялары, сондай-ақ, «Ұйқыдағы ару», «Щелкунчик», «Дон Кихот», «Спартак» балеттерінен нөмірлер ұсынылды.