«Дариға-ай» жастар театры

ТЕАТР
2107

«Дариға-ай» жастар театры профессор Дариға Тұранқұлқызы және белгілі қоғам қайраткері, Абайтанушы, ҚР-ның еңбек сіңірген қызметкері Т.Ибрагимовтардың бастамасымен 1999 жылы қараша айының 14 жұлдызында тұңғыш рет Семейде  «Дариға-ай» жастар театры» ЖШС болып ашылды. Сонымен қатар театрдың ірге тасын қалауға профессор М.С. Омарбаева, аға оқытушы М.А. Алепарова және театрдың режиссеры һәм көркемдік жетекшісі болған А.Айтибаев сынды азаматтарды ерекше атап өтуге болады.

2001 жылы 2 ақпан күні қала әкімінің №56 бұйрығына сәйкес Семей қалалық мәдениет басқармасының «Дариға-ай» жастар театры коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып бекітілді.

2005 жылдың 1 қарашасынан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің № 348 қаулысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Дариға-ай» Семей жастар театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

2007 жылғы 16 қарашасынан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің № 318 қаулысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Дариға-ай» Семей жастар театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

2013 жылғы  11 қазанынан бастап Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Семей қаласы «Дариға-ай» жастар театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазанындағы № 288 қаулысы бойынша «Семей қаласы «Дариға-ай» жастар театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Абай атындағы театр» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...