Әлемдік бәсекеге қабілетті, жан-жақты, білімді ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың ортақ мүддеміз....
Қожанасыр тірі екен…
1
СӘУІР
Жексенбі
18:30
Авторы:Т.Нұрмағамбетов
Жанр:Музыкалық комедия
Ұзақтығы:2 сағат
Зал:Үлкен зал
Жас санаты:+7
Сипаттама:
Қожанасыр жалпы Шығыс, оның ішінде түркі халықтарына ортақ фольклорлық кейіпкер. Ал, спектакльде арамызда жүрген Қожанасырды сатып пайда таппақ, сенсация жасамақ болған коммерсанттар… Ортақ бабалары Қожанасырды өз еліне алып кету үшін келген түркі халықтары өкілдерінің өзара дау-дамайы, пікірталасы… Қожанасыр түскен ситуациялар – пьеса мен спектакль алға тартатын түп идеяны ашуға бастайды: тарих көшіне ілесе алмай, тілін, дінін жоғалтқан, ділінен айырылған халықтар жер бетінде аз емес. ХХІ ғасыр – жаһандану ғасырына түркі халықтары қалай жетті, болмысы қалай өзгерді? Бұл жолда ол нені тапты, неден ұтылды және бүгінгі түркі әлемінің бет-бейнесі қандай? Қойылым оқиғалары күлкі тудыра отырып халқымыздың, жалпы түркі әлемінің бүгінгі ахуалын зерделей білуге, болашағы туралы ойлануға шақырады.
Премьера: 10 желтоқсан, 2009 ж.
Қоюшы-режиссер – О.Кенебаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы-суретші – М.Сапаров
Композитор – А.Райымқұлова
Балетмейстер – Г.Мұхамеджанова
Режиссердің ассистенті - Б.Тұрыс, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Режиссердің көмекшісі - А.Қабдешова