Асхат Маемиров жаңа қызметке тағайындалды

ТЕАТР
4549

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына директор болып Асхат Маемиров тағайындалды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асхат МаемировАсхат МаемировАсхат Максимұлы 1974 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1991-1995 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетінде білім алған.

1996 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын драма режиссері мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1997 жылы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында актер болып бастады. Кейін қоюшы-режиссер, облыстық халық шаруашылығы орталығында бас режиссер болып жұмыс істеді. Бұдан соң Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы, Құрманғазы атындағы Орал музыкалық колледжінің актер шеберлігі бөлімінің меңгерушісі, «Қазақстанның рухани даму қоры» АҚ вице-президенті, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанындағы «Қазақ әуендері» АҚ президенті болып қызмет етті.

2008 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясымен Сорбонна университетінде және Париж ұлттық өнер консерваториясында білімін жетілдірді. 2010 жылы Ресей театр өнері институтының магистратурасын тәмамдады.

Асхат Маемиров мемлекеттік және халықаралық ауқымдағы сексеннен астам мәдени іс-шаралардың режиссері болды. Қазақстанның театр сахналарында  жиырмадан астам қойылымдарды сахналап, республикалық және халықаралық өнер фестивалдерінің бірнеше мәрте лауреаты атанды. Соның ішінде М.Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында – А.Чехов «Ваня ағай», А.Володин «Қоштасқым келмейді», М.Омарова «Ақтастағы Ахико», Б.Беделхан «Ұлым, саған айтам» қойылымдарын, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында - Г. Хугаевтың «Қара шекпен» әфсана-драмасын, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында – М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсын, Е.Брусиловский, Ғ.Мүсіреповтің «Қызжібек» операсын,  «Astana Musical» мемлекеттік театрында - Ж.Пресгурвик «Ромео мен Джульетта», А.Оренбургскийдің «Астана – менің махаббатым», «Шәмші» және «Қызжібек» этно-фольклорлық мюзиклдерін сахналады. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына С.Мұхамеджановтың «Айсұлу» операсының либреттосын жаңартып жазып шықты.

Сахналаған қойылымдары арқылы Жапония, Франция, Австрия, Германия, Бельгия, Чехия, Израиль, Ресей, Түркия, Грузия, Армения т.б. мемлекеттерде өткен халықаралық фестивальдер мен форумдарда қазақтың театр өнерін шет елдік көрермендерге паш етті.

Қазақстан сахна өнерінің тарихында тұңғыш рет 2009 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен М.Чехов атындағы І-халықаралық театр фестиваліне қатысып, Э.Олби «Зоопарк» психологиялық драмасымен «Ең үздік спектакль» жүлдесіне ие болды. Аталмыш қойылым арқылы шет елде қазақ театр өнерін насихаттап, дәріптегені үшін ҚР Тұңғыш Президенті Қорының лауреаты болды. Орталық Азия мемлекеттерінің ІІІ-халықаралық театр фестивалінің (2010 ж.) лауреаты атанды. 2019 жылы Махачкала қаласында өткен Каспий жағалауы елдерінің халықаралық театр фестивалінде А.Чеховтың «Ваня ағай» драмасымен Гран-При жүлдесіне ие болды.Асхат Максимұлы Маемировтің өнер мен шығармашылық саласындағы тынбай еткен еңбегі елеусіз қалмады. Еліміздің өнері мен мәдениетінің дамуына сіңірген көп жылғы еңбегі және қосқан үлесі үшін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағымен,  «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Астананың 20 жылдығы»  мерекелік медальдарымен ҚР Президентінің граммоталарымен марапатталды. 2016 жылы «Қазақстанның театр режиссурасындағы сабақтастық пен жаңашылдық» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, өнертану бойынша «Философия докторы» ғылыми дәрежесіне ие болды. Ғылыми мақалалары отандық және шет елдік журналдарда жарыққа шығып тұрады. Асхат Маемиров еліміздің мәдени кеңістігіндегі қоғамдық қызметтермен белсенді түрде айналысады. Қазақстанның Театрлар Ассоциациясының вице-президенті, ЮНЕСКО жанындағы ұлттық комиссия мүшесі. Халықаралық, республикалық театр фестивальдерінің қазылар алқасының мүшесі. «Халықаралық Театр Институты» халықаралық ұйымының Қазақстандағы жетекшісі.

2017 жылдың 12 мамырында ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен «Қазақконцерт» өнер бірлестігінің бас директоры болып тағайындалды. 

2018 жылдың 12 ақпанында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына жетекшілік етті. 

А.Маемиров Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарды.

author

Асхат Маемиров

ҒАЛЫМ

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...