М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры «МОНОДРАМА» байқауын жари...
Х. Бөкеева атындағы драма театры «Жусан» операциясы туралы спектакль қояды
Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында 10-11 желтоқсан сағат 19:00-де Қазақстанда алғаш рет Президент пәрменімен жүзеге асырылған «Жусан» операциясы жайлы спектакль сахналанбақ!
«Семсер» әдеби сыйлығының иегері Марлен Ғилымханның «Жусан» психологиялық драмасының ПРЕМЬЕРАСЫНДА жолығайық, қадірлі театр сүйер қауым!
Пьесаның авторы – МАРЛЕН ҒИЛЫМХАН.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Филология» факультетінің түлегі. «Семсер» әдеби сыйлығының иегері.
Қойылымның режиссері – САМАЛ ӘБУОВ.
Б.Бишеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік өнер институтының «Режиссура» мамандығын тәмамдаған. «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері.
Қойылымның суретшісі –МҰРАТ МАМБЕТОВ.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Сценография» мамандығының түлегі. «Өнер саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
Қойылымның ассистенті - ЖҰЛДЫЗ МАМЕДОВА.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Актёр, музыкалық драма" мамандығын тәмамдаған. "Құрмет белгісі" төсбелгісінің иегері.
Қойылымның сазын дайындаушы – ЕРЖАН ҚАЖЫМОВ.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Режиссура» мамандығының түлегі. «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері.
Балетмейстер – ҚАРЛЫҒАШ ҚАДЫРБЕКОВА.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Хореография» мамандығының түлегі. «Өнер саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
Спектакльдің актёрлік құрамы:
ЖӘДІГЕРДІҢ рөлінде - ҚҰРАЛБЕК ҚАТШАЕВ.
Құрманғазы атындағы саз колледжі «ӘМҚ және ХҚӨШ» бөлімінің «Режиссура» мамандығын тәмамдаған. Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының актёрі.
АЖАРДЫҢ рөлінде (психолог) - ӘСЕЛ МАМБЕТОВА.
Абай атындағы опера және балет театры жанындағы музыкалық студиясының және Т.Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институты "Театр" факультетінің "Музыкалық драма" мамандығының түлегі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
АҚМАРАЛДЫҢ рөлінде (тергеуші) - НАЗГҮЛ БАТАНОВА.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті "Режиссура" мамандығын бітірген. "Өнер саласының үздігі" төсбелгісінің иегері.
ЕКІНШІ ЖӘДІГЕРДІҢ рөлінде (Абдуррафих) - САЛАУАТ ТҮМЕНОВ.
2004 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті "Режиссура" мамандығының тәмамдаған. "Еңбек даңқы" төсбелгісінің иегері.
СЕРІКТІҢ рөлінде (Саид-Ахмед) - ДАРЫН МҰХТАРОВ.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы "Театр және кино актёрі" мамандығының түлегі. Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының актёрі.
ҚАРАҚАТТЫҢ рөлінде (Асма) - ЖҰЛДЫЗ МАМЕДОВА.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Актер, музыкалық драма" мамандығын тәмамдаған. "Құрмет белгісі" төсбелгісінің иегері.
ЖАНДОСТЫҢ рөлінде (Заид) - АСЫЛЖАН ЖАКИН.
Құрманғазы атындағы Орал саз колледжінің "Актёрлік өнер" мамандығын тәмамдаған. "Өнер саласының үздігі" төсбелгісінің иегері.
ӘБУБӘКІРДІҢ рөлінде (араб) - ЖЫЛҚЫБАЙ ЖҰБАТОВ.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті "Мәдени тынығу жұмысы" мамандығының түлегі. "Өнер саласының үздігі" төсбелгісінің иегері.