Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры – бүгінде тамырлы тарихы тереңде жатқан қасиетті...
Theater Online-2020 атты халықаралық ғылыми конференция өтеді
Халықаралық театр сыншыларының бірлестігі "Theater Online-2020" атты сырттай халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырады.
Коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты әлем театрлары карантинге жабылды. Пандемия театр өмірінің барлық формаларына өзгерістер әкелді: спектакльдер, премьералар, гастрольдік сапарлар, театрлық кездесулер мен фестивальдер тоқтатылды.
Коронавирус бәрінің өміріне әсер етті. Ақпараттық технологиялар дәл қазіргі жағдайда адамдарға тигізетін әсерін айқын байқатуда. Театрлар жабық болғанымен, олар өз көрермендерін онлайн көрсетілімдермен, кездесулермен, мастер-класс және сұхбаттармен қуанту үстінде. Бүкіл әлем театрлары індет таралған уақытта онлайн-контентке тегін қол жеткізуге мүмкіндік ұсынғандықтан, карантин кезінде көптеген адамдар мәдени сусындай бастады.
Театр әрқашан тірі өнер ретінде бағаланып келеді. Ал қазір оның жаңа кезеңі басталды. Виртуалды. Сәйкесінше, біз театр өнерінің жаңа түрін қабылдауға дайынбыз ба?
Конференцияда көптеген мәселелерді қарастыру жоспарлануда: карантин кезеңі театрлардың жұмысына қалай әсер етті; онлайн көрсетілімдердің артықшылықтары мен кемшіліктері; театр өнерін қашықтықтан оқыту және т.б.
Ғылыми конференцияның мақсаты – театрдың интернет арқылы көрермендерге идеялық-дүниетанымдық және көркемдік әсер етуін сақтау қабілетін қарастыру.
Конференцияға қатысуға театр теоретиктері (театртанушылар, театр сыншылары, мәдениеттанушылар, журналистер), театр практиктері (режиссерлер, актерлер, драматургтер, менеджерлер, сценографтар және театр жетекшілері), ЖОО театр өнері педагогтары шақырылады.
Конференцияға қатысу шарттары мен формалары:
Конференция қорытындысы бойынша электронды материалдар жинағы шығарылады.
Конференция тілі: орысша, ағылшынша.
Конференция қатысушыларынан ұйымдастыру жарнасы алынбайды.
Дедлайн: 30 сәуір 2020 жыл (қоса алғанда)
Онлайн-конференцияның өтетін күні: 11 мамыр 2020 жыл.
Баяндама мен қатысуға өтінімді ұйымдастыру комитетіне 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін onlinetheatrecon@gmail.com мекен-жайына жіберу керек.
Ұйымдастыру комитеті:
Анара Еркебай – өнертану кандидаты, доцент (Қазақстан); Тел. + 77772470706
Лаша Чхартишвили – өнертану докторы, профессор (Грузия); тел. + 995577904041
Эльчин Джафаров – PhD докторы (Әзірбайжан); тел. + 994776060393
E-mail: onlinetheatrecon@gmail.com
Ұйымдастыру комитеті жариялау үшін материалдарды іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған немесе талаптарға сәйкес келмейтін баяндамалар қарастырылмайды. Авторлар мәтіннің ғылыми мазмұны мен стиліне толық жауап береді!
Авторлардан баяндаманы рәсімдеу кезінде келесі ережелерді басшылыққа алуды сұраймыз:
Баяндама мәтіні 5 бетке дейін Microsoft Word мәтіндік редакторында терілген, шрифт Times New Roman, шрифт өлшемі 14, азат жол – 1,0 см; жоларалық интервал – 1,0
Ауданы: жоғары және төменгі - 2,00 см, оң жағы - 1,5 см, сол жағы - 3 см.
Көлемі: 5 бетке дейін.
Әдебиеттер тізімі: мақаланың соңында берілген библиографияға сәйкес.
Әдебиет алфавиттік ретпен төмендегідей реттелуі тиіс: шаршы жақшада, дереккөздің нөмірі, беті. Мысалы: [2] немесе [2; 5; 8] немесе [2, 14-15] немесе [2, 17; 7, 233-234].
Материалдарды ресімдеу үлгісі:
МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ
(қалың қаріппен, жолдың ортасында)
Тегі, Аты, Әкесінің аты / жолдың ортасында курсивпен /
Ғылыми дәрежесі және атағы / жолдың ортасында, курсивпен /
Жұмыс орны немесе оқу орнының атауы, қаласы, елі / жолдың ортасында /
Байланыс үшін E-mail: / жолдың ортасында /
Аннотация /Орыс тіліндегі баяндамалар үшін ағылшын тілінде; ағылшын тіліндегі баяндама үшін орыс тіліндегі аннотация/.
Кілт сөздер: / курсивпен /
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін
Қатысуға өтінім
фото (4x6)
Тегі, аты әкесінің аты | |
Ғылыми дәрежесі (егер болса) | |
Мәртебесі (магистрант, аспирант, сотрудник)/ қызметі | |
Ел/қала | |
Жұмыс/оқу орны (ЖОО/институт, факультет/бөлім/кафедра) | |
Докторанттар, магистранттар, студенттер үшін ғылыми жетекші | |
Жасы/театр саласындағы жұмыс тәжірибесі | |
Электронды поштасы | |
Мобильді телефоны | |
Баяндама тақырыбы |