Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Қазақстандағы QazaqGeography және БҰҰ Даму Бағдарламасының...
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына – 80 жыл
дереккөзден
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 2026 жылы өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтуде, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Өнер ордасы осы уақыт аралығында ұлттық театр мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып, бірнеше буын көрерменнің эстетикалық талғамын қалыптастырды.
Мерейтой аясында театр ұжымы еліміздің Қарағанды, Екібастұз, Павлодар, Семей, Өскемен қалаларына гастрольдік сапар ұйымдастырып, сүйікті көрерменге өз репертуарындағы таңдаулы қойылымдарды ұсынбақ. Бұл сапар – тек спектакль көрсету ғана емес, әр өңірдегі көрерменмен рухани байланыс орнату, театр өнері арқылы ортақ мәдени кеңістікті нығайту мақсатын көздейді.

Гастрольдік бағдарламада ерекше орын алатын қойылымдардың бірі – 2026 жылдың наурыз айында сахналанған «Қорғансыз» (реж.: Д.Жұмабаева) трилогиясы.
Сонымен қатар, көрерменнің ерекше ықыласына ие болған «Мұқағали. Музаға...» (реж.: Ф.Молдағали) әдеби-музыкалық кеші екі жылдық үзілістен кейін қайта сахнаға оралып отыр. Бұл қойылымда ақын Мұқағали Мақатаевтың сыршыл поэзиясы сахналық пластика, музыка және актерлік шеберлік арқылы жаңа қырынан ашылады. Бұл кеш көрерменді поэзия әлеміне жетелеп, адам жанының терең иірімдерін сезінуге мүмкіндік береді.

Гастроль аясында сондай-ақ түрлі жас санатына арналған қойылымдар ұсынылады. Балаларға арналған «Кішкентай ханзаданың оралуы» ертегісі мейірім мен жауапкершілік тақырыптарын қозғай отырып, жас көрерменді ойлануға жетелейді. Ал «Махаббат, қызық мол жылдар» (реж.: Ф.Молдағали) драмасы – адам өміріндегі сезім, уақыт және таңдау тақырыптарын арқау еткен әсерлі туынды.

Гүлбахрам Байбосынова, Елдар Отарбаев, Динара Нұрболат, Ернар Амандық, Шұғыла Ешенова және Бақытгүл Серікбаева бастаған шығармашылық құрам гастрольдік қойылымдардың көркемдік деңгейін арттырып қана қоймай, әр кештің мазмұнын байытып, көрерменге ерекше әсер сыйламақ.
Гастрольдік сапар кестесі:
Қарағанды қаласы, С. Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры
24.05.2026
– «Мұқағали. Музаға...» әдеби-музыкалық кеші сағат 17:00-де
– «Мұқағали. Музаға...» әдеби-музыкалық кеші сағат 19:00-де
Екібастұз қаласы, Мәдениет үйі
25.05.2026
– «Мұқағали. Музаға...» әдеби-музыкалық кеші сағат 17:00-де
Павлодар қаласы, Ж. Аймауытов атындағы облыстық музыкалы-драма театры
26.05.2026
– «Қорғансыз» драма трилогиясы сағат 18:30-да
27.05.2026
– «Кішкентай ханзаданың оралуы» ертегісі сағат 11:00-де
– «Махаббат, қызық мол жылдар» драмасы сағат 18:30-да
28.05.2026
– «Кішкентай ханзаданың оралуы» ертегісі сағат 11:00-де
– «Мұқағали. Музаға...» әдеби-музыкалық кеші сағат 18:30-да
Семей қаласы, Абай атындағы облыстық драма театры
29.05.2026
– «Қорғансыз» драма трилогиясы сағат 18:30-да
30.05.2026
– «Кішкентай ханзаданың оралуы» ертегісі сағат 10:00, 11:30-да
– «Мұқағали. Музаға...» әдеби-музыкалық кеші сағат 16:00, 18:30-да
31.05.2026
– «Кішкентай ханзаданың оралуы» ертегісі сағат 10:00, 11:30-да
– «Махаббат, қызық мол жылдар» драмасы сағат 14:00, 18:30-да
Өскемен қаласы, ШҚО драма және оперетта театры
01.06.2026
– «Махаббат, қызық мол жылдар» драмасы сағат 18:30-да
02.06.2026
– «Кішкентай ханзаданың оралуы» ертегісі сағат 11:00-де
– «Қорғансыз» драма трилогиясы сағат 17:00-де
03.06.2026
– «Кішкентай ханзаданың оралуы» ертегісі сағат 11:00-де
– «Мұқағали. Музаға...» әдеби-музыкалық кеші сағат 18:30-да

Мерейтойлық гастрольдер – театрдың бай тарихын дәріптеумен қатар, оның жаңа шығармашылық кезеңге нық қадам басқанын айқындайды. Театрда кездескенше, Мүсірепов театрының сүйікті көрермені!