Сахнаға сіңген ғұмыр

Фото: автордан

ТЕАТР
34

Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе обылыстық драма театрының мерейі қашанда үстем, ауызбіршілігі жағынан айрандай ұйыған бір отбасы. Себебі біздің қазыналарымыз бар, ардақты әкеміз бен анамыз бар. Олар есімдері елге мәлім Мағзұм ағамыз бен Шалқия анамыз. Ақылшы даналарды мінберіге шығарып құрмет көрсетеміз, кешегі өткен тарихтың аманаттары ретінде патша тағынан кем көрмейміз. Мәдени майдан, азаматтық майдан барлығы түптеп келгенде руханият майданы болып түйінін табады. Бүгін театрымыздың актрисасы, Ақтөбе жұртшылығының сүйіктісіне айналған Шалқия Ауғанбайқызы жетпіс бес жасқа толды.

Алып дәуірдің перзенті деп айтуға артық емес шығар? Мәдениеттің қалыптасуына өзінің зор үлесін қосып обылысымыздың маңызды тұлғасына айналды. 1996 жылы қиын-қыстау уақытта театрға келді,  өнерге адал болды. Жарты ғасырды артқа тастағанжемісінің арқасында «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленді. Қазақ классикаларының барлық спектакльдерінде өзіндік өрнек қалыптастырды, баладан анаға дейін өзімен қатар образдары өсіп даналықты арқалап келеді. Сондықтан театр қазынасы деп сұйық пікір қалыптастырмадық, нық сеніммен жазамыз.


Мұхтар Әуезов аспан мен жерді сөйлеткен ұлы жазушы. Ұлы жазушының сырын түсіну кез-келген өнер қайраткері үшін басты міндет. Өткен дәуірдің алып классикасы «Қобыланды батыр» қойылымында Қарлығашты ойнады. Мұхтар Әуезовтен кейін Ғабит Мүсірепов ұлықталса біздің асыл анамыз ол классиктердіңдешығармашылығынан бал татты және өзіне құт әкелді. 2002 жылы Ғ.Мүсіреповтің 100 жылдығына орай Х-Республикалық театр фестивалінде «Аңыз ана» қойылымындағы Ана образы үшін «Үздік ана» номинациясын иеленді. Әр образ әртіс үшін өзінің перзентіндей қастерлі, жылы естеліктермен бағалы. Бұл жолға қандай еңбекпен келді десе, тарланбоз жүйректердің қара шаңырағынан  бастап өнерге келді, яғни 1970-1972 жж М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрдың жанындағы 2 жылдық театр студиясында білім алған. 1972-1996 жылдар аралығында Жамбыл облыстық Абай атындағы қазақ драма театрында актриса болып еңбек жолын бастады 1996 жылдан кейін өзінің еңбек жолын Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында жалғастырады. Даралығы мен шынайы болмысы күйбелең тіршіліктің қытымырлығын елемеді, еңбектенді, өнерге деген шамшырағын өшірмеді. Мінезі жақсының жолыда даңғыл болады демекші 1975 жыл Қазақстан театрлар одағының мүшесі атанды. Обылыстардағы қоғамдық жұмыстардың белсендісі және обылыс әкімі жанындағы әйелдер ісі жөнінде комиссия мүшесі.Атағын айтып тізе берсекте бір мақаланың өзіне сыймайды, сол себепті қысқа қайырып ең жоғарғы атақтарын жазатын болсақ 2009 жылы өзімізбен көршілес Қырғызстан Республикасының мәдениет қайраткері атағын алды. Бұл атақтың өзі екі елдің ынтымақтастығын көрсетеді, екі жақтың ұғымы егіз екенін дәлелдейді. Талай жылғы маңдай тердің еңбегі тағы бағаланды, бұл жолы өзіміздің атамекенімізде ұлықталды, 2011 жылы Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің иегері атанды. Бұнымен тоқталмайды, өткенді еске түсірсек, уақытында мәдени ошақтар, театрлар көп тауқыметтен құралғаны анық. Соның куәгері болған, әрі азабынан қорықпаған мінезі үшін «Қазақ Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағы Шалқия анамыздың мерейін үстем етті. Өнер саласына енді келген тұлға әуелгіде жалаң аяқ келеді, кемінде он жыл өтіп етігін енді киеді, уақыт поездың жолындай тоқтамаса ақырын келіп өз шапанын киеді. Кез-келген өнердің мағынасы солай, Шалқия анамыздың еңбегі сонымен қастерлі, өзіне лайық шапанын киді деседе болады.

Жолдасы Мағзұм ағай театрдағы әкеміз, көп уақыттан бері режиссер, актер болып қызмет етті. Екі жұптың сана биігінде тоғысқаны озық үлгі көрсетті. Өнерлі отбасының тағдыр тақтасында талантты перзент дүниеге келді, әке мен ананың жолын жаңғыртып өрнегін салуда. Актриса Ажарлым Мағзұм дәуір даналары бой көрсеткен М.Әуезов атындағы ұлттық театрда актриса болып қызмет істейді. Ажарлым Мағзұмның кино мен театрда қолтаңбасы қалыптасып келеді, қазақтың Фаризасына да айналды. Қанмен берілген талант деген осы. Қазыналарымыздың отбасына амандық тілейміз, ұлы елдің перзенті болып ғасыр тойын тойлай берейік.

Ақтөбе облыстық Тахауи Ахтанов атындағы

драма театрының әдебиет бөлімі қызметкері

Наурызбай Асылбек

МҰРАЖАЙ

Абай күнінде күллі Қазақ даласы Абай рухына тағзым жасады, тағылым алды. Қателеспесем, Абай күнінде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ол продюсер Баян Алагөзова мен журналист Динара Сәтжанға қатысты “жала жабу” бабымен кін...