Актер Аян Өтепберген Испанияда үздік атанып, халықаралық жүлдені жеңіп алды

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
95

Қазақстандық актер Аян Өтепберген Испанияда өткен халықаралық кинофестивальде “Үздік актер” аталымының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Актер бұл марапатқа Испанияның Тенерифе аралында ұйымдастырылған X Isla Calavera халықаралық фантастикалық кинофестивалінде ие болды. Астана қаласындағы Музыкалық жас көрермен театрының әртісі Аян Өтепберген “Sicko” фильміндегі рөлі үшін Джек Тейлор атындағы жүлдені жеңіп алды.

Қазылар алқасы қазақстандық актердің шеберлігіне жоғары баға берген. Әсіресе оның кейіпкер мінезін нанымды жеткізіп, драмалық көріністер мен қара юморды үйлестіре білгені атап өтілді.

Айта кетейік, “Sicko” фильмі фестивальде бірден үш марапатқа қол жеткізді. Картина “Үздік толықметражды фильм”, “Үздік актер” және “Үздік костюмдер” аталымдарында жеңімпаз атанды.

Халықаралық Isla Calavera фантастикалық кинофестивалі жыл сайын Испанияның Канар аралдарында өтеді. Биыл оныншы рет ұйымдастырылған фестиваль 6-15 қараша аралығында өтті.

СПОРТ

Алматыда 955 мың тұрғын спортпен тұрақты айналысады. Қаладағы тегін жобалар, марафондар мен өзге де...

ЖАҢАЛЫҚТАР

18 қараша, сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронтт...