Әулиеата өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі – Байзақ батыр кесенесі «Қазақста...
Қазақстандықтар енді Нью Йоркке тікелей рейспен ұша алады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Монреальдағы штаб-пәтерде ҚР Көлік министрлігі мен АҚШ федералды авиациялық әкімшілігі (FAA) арасында Нью-Йоркке рейстер ашу туралы келіссөздер өтті, деп хабарлады madeniportal.kz.
Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаевтың ИКАО-ның 14-ші аэронавигациялық конференциясына (AN-Conf/14) қатысу үшін Монреаль қаласына (Канада) сапары аясында АҚШ федералды авиациялық әкімшілігінің (FAA) басшылығымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашуға бар күш-жігерін салуға келісті және ұшақтарды уақытылы жеткізу мен слот алу мәселелерін талқылады. Осылайша, 2025 жылдың соңында АҚШ-қа тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда. Рейстер кем дегенде аптасына 2 рет арындалады деп көзделген.
Сонымен қатар, биылғы 26-30 тамыз аралығында Астана қаласында FAA сарапшылары Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын іске қосуға қажетті 1 (CAT1) санатын алу үшін ұшу қауіпсіздігін алдын ала бағалау (IASA) бойынша жұмысты бастады.