Туризм арқылы жұмыспен қамту саны артады

ТУРИЗМ
1147

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес "Атамекен" ҰКП министрліктер және ведомстволармен бірлесіп, туристік қауымдастықтардың қатысуымен Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен ілеспе заң жобасы әзірледі. 

Бұл жөнінде бүгінгі Үкіметінің отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. 

"Екі құжатта АҚШ, Канада, Франция, Испания, Түркия, Араб Әмірліктері, 10 туристік державаға кіруге мүмкіндік беретін 10 стратегиялық шараны қамтиды. Олардың толық жүзеге асырылуы орасан зор әлеуметтік-экономикалық нәтиже береді. Атап айтсақ, жұмыспен қамтылғандар саны 427-ден 650 мың адамға дейін артады, оның шамамен 72 мыңы - шалғайдағы ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс орындары. Бұл Мемлекет басшысының "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде берген тапсырмасына толық сәйкес келеді. Мұнда Қазақстанның барлық халқының шамамен 40% - ы (7,5 млн) тұрады" - деді министр.

Оның айтуына қарағанда, ел экономикасына 2 мың доллар қалдыра отырып шетелдік туристердің саны 3, ал ішкі туристердің саны - 9 миллионды құрайды. 

"Тартылған 2 трлн теңгенің 70% жеке инвестициялар құрайды. Елдің ЖІӨ құрылымындағы туризмнің үлесі 9,6 млрд доллардан 16 млрд долларға дейін өседі" - деді министр.

Ақмарал Шағатай

Сұхбат

Ұшақтағы ең қауіпсіз жер - құйрық бөлігі деген пікір бар. Көп саяхатшы дәл осы бөліктегі орындарды б...

Жаңалықтар

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатында қаза тапқан Қазақстан азама...