Таиландта гидтер туристерді жабық тұрған үңгірге кіргізіп, су басқан сәтте шығара алмады

Фото:depositphotos.com

ТУРИЗМ
747

22 шетелдік турист пен екі гидтен құралған топ Таиландтағы Нам Талу үңгіріне түседі. Бірақ кенеттен үңгірге су тола бастаған, - деп хабарлайды madeniportal.kz.  

Bangkok Post порталы мәліметінше, оқиға бір күн бұрын Кхао Сок ұлттық саябағында болған.

"Пханом ауданындағы Раджджапрабха бөгетінің су қоймасы жанында орналасқан үңгір су тасқыны қаупіне байланысты маусымнан қарашаға дейін жабық болған. Неге гидтер мұны елемей, туристерді ішке кіргізгені белгісіз", - делінген материалда. 

Су тасқыны сағат 19:30 шамасында адамдар үңірден шыға бастаған кезде басталған. Су ағыны бір адамды құлатып, қайта үңгірге ағызып алып кеткен. Қалғандары суға қарсы тұра алған және кейінірек оларды саябақ өкілдері құтқарып алған. Екі голландиялық турист аяғынан жеңіл жарақат алып, жергілікті ауруханаға жеткізілген.

Құтқарушылар сәрсенбіде таңертең 37 жастағы гидтің денесін тапты.

Ұлттық саябақтар, жабайы табиғат және өсімдіктерді қорғау департаментінің бас директоры Аттапол Чароенчанса туристік компанияны сотқа беретінін айтты.

Шоу-бизнес

Танымал әнші Мәдина Сәдуақосва жаңа әннің тұсауын кесті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. Әнші әлеуме...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 75 жастағы «альпинист әже» күн сайын тауға шығады, деп хабарлады MADENIPORTAL.K...