Астанада сирек кітаптар көрмесі ұйымдастырылды

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
1283

Павлодарлық музей қызметкерлері астаналықтар назарына сирек кітаптар мен қолжазбалар топтамасын ұсынды. Бұл жәдігерлер Елордаға алғаш рет әкелініп отыр. Экспонаттардың көбі «Алашордалықтар ізімен» экспедициясы кезінде табылған. Ертіс-Баян өңірі - өнерге де, мәдениетке де бай өлке. Соңғы жылдары облыс аумағынан Алаш ардақтыларына қатысты тың деректер, қолжазбалар, көне кітаптар үсті-үстіне табылып жатыр. Тұлғалардың шығармашылық өмірінен сыр шертетін көптеген құнды жәдігерлер бүгінде Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қорына алынып, аймақ халқының рухани және мәдени олжасына айналып үлгерді.

Кезіндегі Алаш өкіметінің құрылуына, ұлт руханиятының қайта өрлеуіне атсалысқан қаншама ардақтыларымыздың Ертістің Павлодар жерінде ізі қалды. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жеке заттары, Абай Құнанбайұлының 1909 жылы Санк-Петербургте басылып шыққан тұңғыш кітабы, Ахмет Байтұрсынұлы арап әрпімен жарық көрген «Маса» және «Қырық мысал» жинақтары, Н.Төреқұлов «Темір қазық» (журналы 1923 жыл, Мәскеу қ), «Жас қазақ» (1923 жыл, Орынбор қаласы), Қ.Кемеңгеров «Қазақ тарихынан» (1923 жыл), күрескер ақын Мәди Бәпиұлының құраны көрмеге тұңғыш рет қойылды.

Музей қызметкерлері тапқан құнды жәдігердің бірегейі – 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген Абайдың өлеңдер жинағы. Жалпы, Қазақстан бойынша бұл кітаптың 5 данасы ғана бар екен. Соның бірі осы көрмеге қойылды. Бұдан бөлек, Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал», «Маса» кітаптарының, Жүсіпбек Аймауытовтың 1926 жылы басылған «Қартқожа» романының және Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1933 жылы шыққан жинағының түпнұсқасы қойылды. Айта кетейік, бұл жәдігерлермен «Қолжазбалар және сирек кездесетін кітаптар» ұлттық орталығында танысуға болады. Көрме 2 аптаға жалғасады.

Ербол Қайыров, Бұқар жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер музейінің директоры:

- Ақын, тарихшы Қошмұхамбет Кемеңгеровтың «Қазақ тарихынан» деген кітабы. Бұл кезінде өзі 4 мың данамен шыққан екен. Бүгінгі күні бұл кітаптың біреуі өзінің немересі Қайырбек Кемеңгерде сақталып отырса, біреуі Мәскеудің, екіншісі бізде, Алматыда академиялық кітапханада сақталып отыр. Төртінші, міне, бізде сақталып отыр.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...