«Алаш туы астында»

ЖАҢАЛЫҚТАР
4078

Құрметті Астаналыктар!
Сіздерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Ел» продюсерлік орталығымен бірлесе отырып түсірген ұлт-азаттық Алаш қозғалысы туралы сыр шертетін «Алаш туы астында» атты деректі фильмінің арнайы көрсетіліміне шақырамыз!
Көрсетілім 6 қараша күні сағат 19:00-де Астана қаласындағы «Сарыарқа» кинотеатрында өтеді.

Фильмді түсіру тобы Алаш қайраткерлерінің ізімен Семейдің Алаш қаласы аталған аумағында, Мәскеудегі Кремль, Санкт-Петербургтегі Дума отырыстары өткен Таврия сарайында, Смольныйда, Санкт-Петербург, Қазан университеттерінде, Уфадағы Мемлекеттік Мәжіліс өткен бұрынғы «Сібір» қонақүйінде түсіру жұмыстарын жүргізген.
Фильмнің Бас кеңесшісі – Мәмбет Қойгелді
Шығармашылық кеңесшісі – Тұрсынжан Шапай
Режиссері – Ерген Тоқмурзин
Сценарий авторы және әңгімелеушісі – Болат Мүрсәлім
Қоюшы операторы – Мұстафа Өнер
Композиторы – Бейбіт Ақош

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың наурыз айында елімізде екі мемлекеттік мереке – Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Сәбит Оразбаев бүгін 90 жасқа толып отыр. Ол...