Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енді

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1132

IBHOF жыл сайын әлемдік боксқа елеулі үлес қосқан спортшыларды марапаттайды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Биыл Геннадий Головкиннің есімі ең ұлы боксшылардың қатарына енді. Ол бұл мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық.

АҚШ-та орналасқан бокс музейі мен даңқ залына жыл сайын кәсіпқой бокста жетістікке жеткен үш боксшы енгізіледі.

Головкин бұл залда есімі жазылатын алғашқы қазақстандық боксшы болмақ.

Геннадий Головкин әуесқой бокста 350 жекпе-жек өткізіп, 345-інде жеңіске жеткен. Кәсіпқой рингте 45 кездесу өткізіп, 42 рет ұтты. Оның 37-сі нокаутпен аяқталған.

Қазіргі уақытта даңқты боксшы Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетін және World Boxing ұйымын басқарады.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...