«Қайран сөзім қор болды-ау...»

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
1867
(халқыма  хат)

Осы сөзді айтып та, жазып та  жүрмін. Бүгін тағы бір қайтара айтып отырмын. Бұған дейін «Қазақ әдебиетінде» «Өмір ғой» деген көркем әңгіме, «Алматы ақшамында» «Абайды шынжырлап қоямыз ба?» деп мақала жаздым, Медеу ауданының әкімімен болған кездесуде сауал тастадым. Мәселе – Республика Сарайының алдындағы Абай ескерткішінің хал-күйі. Ескерткіш тұғыры қала жасөспірімдерінің каталка-сырғымамен күнде кешке асыр сап ойнайтын спорт алаңына айналған. Қарап тұрсаң, абсолюттік рекордтардың неше бір түрлері жасалуда. Тас тұғыр үгітіліп барады. Қайсыбір күні ескерткішті раушан гүлі отырғызылған горшоктармен қоршап қойып еді, көзге де, көңілге де әдемі көрініс тартылды. Ұзамай қаз-қатар сап түзеген гүлді кранмен көтеріп алып кетіп жатқан жігіттерді көрдік. «Бұларың не?» дейміз біздер. «Абай күні қала әкімі келеді, гүлді алып тастаңдар» деді. «Бұйрықты кім берді?» «Қалалық мәдениет басқармасы». Абай тұғыры қайтадан каталка тебушілердің алаңына айналды. Солардың бірімен ең соңғы диалог: 

Мен: - Бұнда ойнауға болмайды.

Жасөспірім Диас: - Сіз не, охранниксіз бе? Ұқсамайсыз. Удостоверениеңізді көрсетіңіз.(әрине, бәрі орыс тілінде).

Мен жасөспірімді жеңе алмадым. Қайран сөзім тағы да қор болды.

Ең болмаса, Абайдың 175 жасын сыйлайық та.

author

Қуандық Түменбаев

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...