22 қаңтарда жер тұрғындары ғасырда бір болатын ғаламшарлар шеруін тамашалайды
Фото: Pixabay
Осы күні Жерге ең жақын үш ғаламшар — Меркурий, Венера және Марс Күнге барынша жақындап, мінсіз геометриялық пішінде тізіліп, ғасырда бір болатын сирек құбылыс көрсетеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты жанындағы Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше, 22 қаңтарға қарай ғаламшарлар Күнмен бірге аспанда шамамен 2–3 градус қашықтықтағы өте дұрыс ромб немесе айқыш (крест) пішінін түзеді.
Ең алдымен Күннен алыстай бастайтын — Меркурий, бұл қаңтар айының соңына дейін жүзеге асады. Ақпан айында алдымен Венера, кейін Марс біртіндеп алыстай бастайды. Ғалымдардың айтуынша, үш ғаламшардың осындай ықшам әрі симметриялы түрде бір-біріне жақындасуы — бірегей құбылыс.
Меркурий, Венера және Марс қатысатын келесі шеру тек 2038 жылдың қыркүйегінде болады деп болжанған. Алайда ол кезде ғаламшарлар бір-бірінен әлдеқайда алшақ орналасады — арақашықтық 10 градусқа дейін жетеді.
Астрономдардың деректеріне сәйкес, Меркурий қазірдің өзінде ғарыштан түсірілген суреттерде байқалады. Ал Венера мен Марс әзірге Күнге тым жақын болғандықтан, оның жарық сәулесінен көрінбей тұр, бірақ бірнеше күннен кейін оларды анық көруге мүмкіндік туады.
Ғаламшарлар шеруінің шарықтау шегі дәл 22 қаңтарға сәйкес келеді. Осы күннен кейін бұл сирек кездесетін аспандық «құрылым» тез ыдырай бастайды.