Астана–Орал рейсінде толғағы келген әйелді ұшақта жолаушы дәрігер босандырып алды

Фото: Pixabay

MADENI TV
657

Астана–Орал бағыты бойынша ұшып бара жатқан ұшақ бортында жүкті әйел мерзімінен бұрын босанып, сәби дүниеге келді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ұшу кезінде жүктіліктің 27 аптасындағы әйелдің толғағы басталып, жағдайы күрт асқынған. Су кетіп, шұғыл медициналық көмек қажет болған.

Осы сәтте бортта болған Батыс Қазақстан облысының көпбейінді ауруханасының дәрігері Таубай Байжекенов жедел әрекет етіп, босануды қабылдап алған. Нәтижесінде ұл бала дүниеге келген.

Министрлік мәліметінше, оқиға сәтті аяқталып, ана мен сәбидің жағдайы бақылауға алынған. Төтенше жағдайда дер кезінде көрсетілген кәсіби медициналық көмек олардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...