ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕННІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЙНЕБАЯНЫ ШЫҚТЫ

MADENI TV
3985

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Screaming әніне түсірілген алғашқы ресми бейнебаянын тыңдармандарына ұсынды.

 Әнші өзінің алғашқы бейнебаяны туралы жаңалықты мамырдың 23-нен 24-не ауған түні Instagram парақшасында бөлісті. Видеоның тұсына«Сіздерге ұнайды деген үміттемін» деп жазды.

Бірнеше сағат ішінде әншінің бейнебаянын 10 мыңға жуық адам көріп үлгерген. Желі қолданушылары өз кезектерінде әншіні құттықтап, бейнебаянның көңілден шыққанын жарыса жазды.

«Бүгін түнгі 00.00-де ағылшын тіліндегі әнге түсірілген бейнебаяным көрерменге жол тартпақ. Әннің композиторы Muhgal осы күнге дейін Rihanna, Usher, Cherul Fermandes – Versini, Shakira, Ne-Yo, Avisi сынды әншілерге әндер жазған. Сонымен, жақында ғана жарық көрген Screaming деген әнімнің бейнебаяны көңілдеріңізден шығады деген үміттемін» дейді әнші.


author

​Димаш Құдайберген

ӘНШІ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...