Мұхтар Шахановтың келіні қайын атасын сынап жатқандарға жауап берді

Фото: zhasalash.kz

MADENI TV
1028

Әлеуметтік желіде өзін "ақын Мұхтар Шахановтың келіні" деп таныстырған келіншек Жаңагүл Өмірбекова шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жаңагүл Өмірбекова Facebook желісіндегі парақшасында қайын атасы Мұхтар Шахановтың қазіргі жағдайы туралы ел естімеген жайтты ашық айтты.

"Мен Жаңагүл Мұратқызы, Мұхтар Шахановтың келіні ретінде, әлеуметтік желіде Ата жарияланған видеоға байланысты ашық мәлімдеме жасаймын! Атаның қазіргі жағдайы өте ауыр, айтқанын бір сәттен кейін ұмытып қалатын науқас күйде. Жақында ғана екінші ұлынан айрылған адамның психоэмоционалдық жағдайының қаншалықты ауыр екенін біреу түсінсе, біреу түсінбейді. Қазіргі таңда Ата қоғамда болып жатқан жағдайлардан мүлдем бейхабар, осыны түсініңіздер! Тыныштық беріңіздер! Ұлтына өлшеусіз еңбегі сіңген, Ана тіліне өмірін арнаған Атамызды бір видеоға бола қарғап-сілеудің, қаралаудың ешқандай негізі жоқ. Мұхтар Шаханов өз Ұлтының алдында адал перзенті болып мәңгі тарихта қалатын тұлға!" – деді Жаңагүл Өмірбекова. 

PESTEL

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Комптон сотында сегіз жастағы Исайя Х.-ның өліміне қатысты іс бойынша...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жезқазғанда төрт жасөспірім мінген BMW көлігі апатқа ұшырап, 13 жастағы бала қаза тапты. Тағы екі кә...