Ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тыныштықбек Əбдікəкімнің 1993 жылғы тұң...
Қазақстан мен Иран мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейтеді
Фото: Ақорда
Бүгін Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Президенті Масуд Пезешкиан ресми кездесу өткізді. Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Тоқаев Иран мұрағаттарында қазақ тарихына қатысты құнды жәдігерлер сақталғанын атап өтіп, әл-Фараби мұрасын бірлесіп зерттеу жұмыстары басталғанын айтты. Оның сөзінше, Қазақстанда ұлы ойшылға арналған тарихи-мәдени кешен салу мәселесі қарастырылып жатыр. Сонымен қатар Иран делегациясы қазақ тарихына қатысты бірқатар ескі қолжазбаның көшірмесін сыйға тартты.
Тараптар алдағы жылдары Мәдениет күндерін өткізу, жоғары оқу орындары арасында студент алмасуды дамыту, медициналық және фармацевтикалық ұйымдар арасындағы серіктестікті кеңейту жөнінде уағдаласты.
Кездесуде Масуд Пезешкиан екі ел қатынастарының терең тарихи байланыстарға негізделгенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-саттық көлемі 40 пайызға артқан. Президент екіжақты тауар айналымын 3 млрд долларға жеткізуге дайын екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар ол Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы еркін сауда келісімі екі елдің экономикалық серіктестігін кеңейтуге мүмкіндік беретінін айтты.