Ақмола облысында ТЖМ қызметкерлері 7 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды madeniportal.kz. Бүгін...
«Балаларға обал болды»: Қаскелеңдегі мектептің сұмдық жағдайы жұртты шошытты
коллаж MadeniPortal.kz
Алматы облысының Қаскелең қаласындағы Пушкин атындағы орта мектептің мүшкіл жағдайы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Azattyq Rýhy басылымына сілтеме жасап.
Ата-аналар жариялаған видеода мектептің төбесін көгергені, қабырғалары жарылып, едені бүлінгені байқалады. Сондай-ақ дәретхананың санитарлық жағдайына қатысты шағымдар айтылған.
«Бірінші қабаттағы ұл балаларға арналған дәретхана қатты сасиды. Ал оның жанында асхана бар. Балаларға әбден обал болды», – дейді ата-аналардың бірі.
Қарасай аудандық білім бөлімінің мәліметінше, мектепті күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама 2025 жылдың қыркүйегінде әзірленіп, Алматы облысының құрылыс басқармасына жолданған.
Алайда жөндеу жұмыстарының қашан басталатыны белгісіз. Білім бөлімінің түсіндіруінше, қаражат бөлінген жағдайда ғана мердігер анықталып, жөндеу жүргізіледі.