Қазақстан – мүмкіндігі мол, беделі жоғары мемлекет

Фото: Ақорда

MADENI TV
90

Мемлекет басшысы Қазақстанның қазіргі халықаралық беделі, елдің даму бағыты және жаңа Конституцияның маңызы туралы пікір білдірді. Президенттің айтуынша, еліміз экономикалық және саяси тұрғыдан тұрақты мемлекет ретінде әлемге танылып отыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Президент Қазақстанның халықаралық деңгейдегі орны мен беделі туралы айтты.

«Қазіргі Қазақстан көптеген елден көш ілгері. Шартарапқа экономикалық дамуы орнықты, саяси ахуалы тұрақты, түрлі дін мен мәдениетке құрметпен қарайтын ел ретінде танылдық.»

Президент Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі ұстанымдарын атап өтті. Ел бейбітшілік пен халықаралық құқықты сақтауды қолдайды.

«Біз өркениетаралық және дінаралық диалог өрбітуді, халықаралық құқықты сақтап, бейбіт қатар өмір сүруді, ядролық қаруды таратпай, өзара сенім және қауіпсіздік шараларын нығайтуды жақтаймыз.»

Мемлекет басшысы елдің ұлттық мүддесі мен егемендігін қорғау әрдайым басты бағыт болып қала беретінін атап өтті.

«Қазақстан ұлттық мүддесін, егемендігін әрдайым қорғайды. Келешекте де солай болмақ.»

Президент қазақ халқының болмысын сипаттап, қоғамдағы бірлік пен татулықтың маңызын айтты.

«Біз – жасампаз ұлтпыз. Қарым-қатынаста қиратпаймыз, бауырымызға тартамыз. Ешкімді жатырқамаймыз, бөлінбейміз, бірігіп, тату-тәтті тіршілік етеміз.»

Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарының төлқұжаты халықаралық деңгейде жоғары сенімге ие екенін атап өтті.

«Сондықтан біздің төлқұжатымызға халықаралық сенім жоғары, орасан зор күшке ие құжат ретінде мойындалады.»

Президент қазақстандықтардың әлем елдерінде білім алып, жұмыс істеуіне мүмкіндік бар екенін айтты.

«Азаматтарымыз дүние жүзін емін-еркін шарлап, шетелдерде білім алады, кәсібін жүргізеді. Бұл еліміздің әлемнің алпауыт мемлекеттерімен терезесі тең, мол мүмкіндікке ие екеніне айқын дәлел.»

Президент «Әділетті Қазақстан» құру идеясының мәнін түсіндірді. Оның айтуынша, елде әр азамат өз мүмкіндігін толық пайдалана алуы тиіс.

«Біз Әділетті Қазақстанның негізін қалап жатырмыз. Бұл елде кез келген адам әлеуметтік мәртебесіне, саяси, идеологиялық таңдауына, тіліне, дініне, этникалық шығу тегіне қарамастан, өз қарым-қабілетін толық пайдалана алады.»

Сөз соңында Президент жаңа Конституция жобасының ел болашағы үшін маңызды екенін айтты.

«Осы тұрғыдан жаңа Халық Конституциясының жобасы ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының жарқын келешегіне берік әрі мызғымас іргетас болады деп айта аламын». 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «жеткілікті зейнетақы табысы» деген терминнің мән-мағ...

Шоу-бизнес

Танымал актер Әбунасыр Серіковтың ұлы Әбілмансұр Серіков үшінші рет үйленіп, қуанышына пікір біл...