«Әйелім хиджабта, әурет жерін көрсетпейді»: Шымкент тұрғыны еркек хирургтардың көптігіне шағымданды

Фото: видеодан скриншот

MADENI TV
843

Шымкенттік азамат хиджабтағы әйелінің іші ауырып, бірақ хирург дәрігерлердің барлығы еркектер екеніне шағымданды, - деп хабарлайды MadeniPortal.kz Sn.kz -ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарады.

”Күні кеше Шымкентте мынадай жағдай болды. Әйелімнің түнімен іші ауырады, біз оны соқыр ішек деп ойлап қаламыз. Келіншегім хиджбата. Ер кісілерге апару ыңғайсыз. Содан мен жан жақтан клиникаларға хабарласамын. Содан олардың бәрінде жоқ. Ауруханаға барамын, ол жақта бәрі еркек хирургтар. 103-ке де хабарласамыз, ауруханаға апарайық десек те барлығы еркек хирургтар. Миллион халқы бар Шымкентте тұрамыз. Хиджабтағы кісілерге неге мұндай жағдай жасалмаған? Әурет жерін көрсеткісі келмейтін әйел кісілер де бар ғой. Ол кісілерге неге сондай жағдай жасалмаған? Әйел хирургтар оқымай ма? Әлде тек еркектер хирург бола ма”, — деді ер адам.

Осыған байланысты заңгер Айгүл Орынбек бұл ер адамды тексеру керектігін айтты.

”Шымкент Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оянамыз!

Мына жігітке мүмкін бөлек мемлекет ашып берерміз.

Осылай дәрігер іздеп жүргенде әйелі өліп кетсе не болар еді?”, — деп жазды заңгер. 

PESTEL

Үндістанда 12 жастағы оқушы қыз сабаққа кешіккені үшін мұғалімнің тапсырмасымен 100 рет отырып-тұрға...

PESTEL

Жизақта 18 жастағы қыз танысын жезөкшелікпен айналысу мақсатында Таиландқа жіберуді ұйымдастырмақ бо...