«Қоғамдағы өзгеріс өзіңнен басталады»: Жастар санасын өзгертудегі жаңа көзқарас

Фото: Жаңа Адамдар

MADENI TV
68

Жаңа адамдар жастар қозғалысының белсенді өкілдері подкастта Ержан Райхановпен ашық әрі шынайы әңгіме өрбітті. Подкаст барысында жастар қозғалысының мәні, азаматтық белсенділік және қоғамдағы нақты өзгерістер жайлы сөз қозғалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдымен қозғалыстың азаматтық науқандардағы ұстанымы мен мәселеге көзқарасы туралы айтылды. Бұл бағытта белсенділер кез келген түйткілді тек сыртқы көрінісі арқылы емес, оның түпкі себебі арқылы шешу қажет екенін түсіндірді.

Жаңа Адамдар қозғалысының белсендісі Әлем Әліпбаев бұл ойды нақты мысалмен жеткізді:

«Азаматтық науқандар туралы айтпас бұрын мәселеге тереңірек үңілуіміз қажет. Әрбір мәселенің өзінің себебі және салдары болады. Яғни, далада жатқан қоқыс ол – салдар. Оның себебі – бір адамның барып ол қоқысты лақтырғанында. Ал, біз ол мәселені қалай шешуімізге болады? Далада күн сайын шығып қоқыс жинасаң да, адамдар қоқыс лақтыруын доғармайынша дала тазармайды. Яғни, мәселенің салдарымен күресудің көп мәні жоқ, біз мәселенің себебінен бастауымыз қажет. Біз азаматтық науқандарымыз осы туралы», – деді ол.

Келесі спикер қозғалыстың қалыптасуы мен оның қоғамдағы рөлі туралы ойымен бөлісті. Әсіресе жастардың санасын өзгерту және нақты әрекетке көшу мәселесіне ерекше тоқталды.

Жаңа Адамдар қозғалысының баспасөз қызметінің өкілі Нұрай Өмірзақова 2022 жылы Президентпен өткен кездесуді еске алды:

«2022 жылы президентпен кездескен кезде, бүкіл қоғамның, жастардың санасын өзгерту мәселесі көтеріліп, бірінші азаматтық науқандар тақырыбы айтылған болатын. Жаңа Адамдар бұл тек қана шара емес, нақты әрекеттер орындалатын кеңістік екенін байқай аламыз. Сонымен қатар, біз де Жаңа Адамдар белсенділері ретінде өзгерістерден қорықпайтын елді өзгертетін жас азаматтар екенімізді дүйім жұртқа жария еттік», – деді ол.

Сондай-ақ, қозғалыс өкілдері музыка арқылы азаматтық ұстанымды жеткізуге болатынын атап өтті.

Жаңа Адамдар қозғалысының белсендісі бұл бағыттағы жұмыстар туралы былай деді:

«Музыка – жүрек тілі деген сөз бар. Сәйкесінше, музыка арқылы адам қарапайым тілмен жеткізе алмайтын ұстанымдарды бөлісе алады. “Жаңа ритмге қосыл” азаматтық науқаны үш акция өткізді. Акциялар барысында дауылпаздар фестивальі болды, 200-ге жуық дауылпаздарымыз қатысты».

Подкаст барысында азаматтық науқандар, өңірлердегі кампустардың жұмысы, «124» бастамасы, заң мен тәртіп, әйелдер қауіпсіздігі, жастардың қоғамдық белсенділігі және Президентпен өткен кездесулер жайлы да мазмұнды әңгіме өрбіді.

Жаңа Адамдардың толық сұхбатынан «Жастар не істеп жүр?», «Қоғамдағы өзгерісті өзіңнен қалай бастауға болады?» деген маңызды сұрақтарға жауап табуға болады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бас бапкерінің есімі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Иран аумағында интернет байланысы соңғы 60 сағат бойы жоқ, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Бұл турал...