"Құшақтап алыппын": Ханшайым Шаханова ақын Мұхтар Шахановпен алғашқы таныстығын еске алды

Фото: видеодан скриншот

MADENI TV
1271

Әйгілі ақын Мұхтар Шахановтың жары Ханшайым Шаханова олардың алғаш танысқан сәті туралы әсерлі естелігін бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, анасы кезінде оған үлкен тұлғаның жары болу оңай еместігін алдын ала ескерткен.

"Анам айтып отырушы еді, "Сен үлкен тұлғаның жары болдың. Енді көргенді көрме, естігенді естіме. Мұндай тұлғаға жар болу оңай емес" деп. Мұхаңмен танысқаным әлі есімде. Есіктен кірсем, өлең жазып отыр екен. Табалдырықта аяғым шалынып кетіп, құлап, осы кісіні құшақтап алыппын ғой. Ол кісі маған едірейіп қараған болатын. Содан дастарқанда қасында отырғанымда, табағыма жемістер аршып салып, үйіп тамақ салып берді. Өзімнің қарным ашып келген болатын. Бірақ қолым дірілдеп сол тамақтың ешбірін жей алмадым", – дейді Ханшайым Шаханова. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Абай облысында бір тәулік ішінде екі бүлдіршін терезеден құлап кетті. Қайғылы жағдайлардың бірі өлім...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы дәрігерлер бесінші қабаттың терезесінен құлаған төрт жасар баланы аман алып қалып, оның а...