Бір қалада қыс басталғалы көктайғақтан 600-ден астам адам зардап шекті

Фото: Pixabay

MADENI TV
1393

Өскемен қаласындағы медициналық мекемелерге көктайғақтан зардап шеккен адамдар күн сайын түсіп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

№ 4 қалалық аурухананың жарақат бөліміне 1 желтоқсаннан бері 1030 адам түскен. Оның ішіндегі 638 азамат көшеде көктайғақтан құлап жарақат алғанын айтқан. Ал Ана мен бала орталығына көктайғақтан зардап шеккен 34 бала қаралды.

Күн сайын медициналық мекемелерге көктайғақтан зардап шеккен адамдар түседі. Дәрігерлер оларға тиісті ем тағайындап, көмек көрсетіп жатыр. Тұрғындарды көктайғақ кезінде барынша абай болуға шақырамыз. Егер құлап, жарақат алып қалған жағдайда бірден медицина қызметкерлеріне қаралу керек. Әйтпесе жарақат асқынып кетуі мүмкін. Ересектер Серікбаев көшесі, 1 мекенжайындағы № 4 қалалық ауруханаға, ал балалар Қазыбек би даңғылындағы Ана мен бала орталығына қарала алады, - деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасынан. 

Шоу-бизнес

Актер, Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы Дархан Мұсаев бір жыл ішінде өмірінде болған өзгерістер мен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының XIII саммитінде ұйымды институционалдық...