«Ұлым буындырып өлтірмекші»: Түркістан облысында тағы бір ер адам қарт әкесіне қол жұмсаған

Фото: видеодан скриншот

MADENI TV
1100

Түркістан облысы Жетісай ауданының қарт тұрғыны өзінің ұлынан құтқаруды сұрады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Айтуынша, ұлы оны қылқындырып өлтірмек болған.

«Мен алпыстан асқан шалмын, маған жәрдемдесіңіздер. Мені балам өлтірмекші болды. Үлкен балам кеше кешке қарай мені буындырып тастағысы келді. Екі сағат алыстым. Мен заңды түсінбеймін. Полиция шақырсам, жарты сағаттан кейін келді. Әрең дегенде құтылып, екінші рет өмірге келгендей болдым. Бұл тағдыр шығар. Не деп айтарымды да білмеймін», - деді қария.

Қарттың бейнеүндеуі әлеуметтік желіде тез тарады. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі «Ұрып-соғу» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ қарттың ересек ұлы бұрын да заң бұзған болып шықты.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің «отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер» бабы бойынша жауапкершілікке тартылған», - деді ведомстводан.

Сондай-ақ іс сотқа жолданған, қорғау нұсқамасы шығарылған. Құқық бұзушы емделуге уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...