Д.Трамптың Н.Назарбаевқа жазған хаты жарияланды

Ашық дереккөзден

ХАТТАР
5881

АҚШ Президенті Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған хатында не жазғаны белгілі болды. 

Хатты Айдос Үкібай Twitter парақшасында жариялады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы"

АҚШ Президенті Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды басқарған 30 жылға жуық уақыттың ішінде мол мұра қалдырғанын атап өтіп, билік транзитін конституциялық процедураларға сай жүзеге асыру шешіміне қолдау білдірген. 

Сонымен қатар, ол 2018 жылғы Елбасының Ақ үйге сапары АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған қадам болғанын атап өткен.

«Біз екіжақты қарым-қатынасымызда үлкен табыстарға қол жеткіздік және америкалық бизнестің Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастық үшін барынша мол салаларды қамти түсуі қуантады. Қазақстан Сіздің басшылығыңызбен бүкіл әлемде табысқа жетті. Президент ретіндегі Сізбен жұмысым барысындағы қолдауыңызды жоғары бағалаймын және дәл осындай қарым-қатынасты Президент Тоқаевпен де тағатсыздана күтемін. Сіздің болашақтағы барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін», - деп жазады АҚШ Президенті.

author

Нұрсұлтан Назарбаев

ҚАЙРАТКЕР

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өтке...