Қуандық Шамахайұлының «Мәдениет порталына» өзі ұсынған 5 әңгімесі

ӘДЕБИЕТ
6166

Жат жерге ауған жұрт

«Үркіншілік жылдары» аталып кеткен сонау бір кезде Шығыс Түркістан жерінен үдіре көшкен қазақтар бас сауғалап, қайда бармады? Алды іргелес жатқан Моңғолияға ауса, соңы Гималай асып, Такламакан шөлінен өтіп, ақыры Анадолыға барып тұрақтады. Осынау тарихи кезеңде дүниенің әрбір бұрышындағы қазақ баласын айтпағанның өзінде, ежелгі ұлы даланың кіндігі, байырғы мекенінде орын тепкен Қазақстандағы қандастарымыздың да басына ауыр нәубет төнген еді. 

Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басынан отызыншы жылдардың соңына дейін Моңғол елінің орталық өңірін мекен етіп, бір шоғыр қазақ пен санаулы ұйғыр отбасы он тоғыз жыл тұрақтағаны қазіргі күні тарих парақтарында көмескі тартып, ұмыт бола бастаған жайы бар. [жалғасы]


Жол үстінде

Бәкен жездей Алматыдан Астанаға баратын пойызға бір билетті зорға тапты. Оның өзінде касса алдында сағаттап, тағатсыздана күтіп, пойыз қозғаларға бес-он минут қалғанда ғана қолына тигізді. Плацкарттық вагонның екінші полкісінен бұйырған орынның табылғанына шүкір етті.

Кешкі сапар. Екінші полкіге шығып алып, жолға әдейі алып шыққан романды оқып жатамын деп қуанып кетті. Бәйбішесі жолға шыққанда қарның ашпасын деп әбден тойдырып шығарып салған. Енді, кітап оқып рақаттанып жатпағанда не істейді? [жалғасы]


Киікті даласында

Жан-жағымыз көсіліп жатқан ұшы-қиырсыз кең дала. Алдыда көзге ілінер жота-төбешік те жоқ. Аспан айналып жерге түсердей-ақ күн шыжып тұр. Кейде тақтайдай түзу болып келе жатып, арасында ойлы-шұңқыры кездескенде жол талғамайтын көлігімізді оңға бір, солға бір секіртіп, жұлқып-жұлқып тастайтын даланың жолымен жүйткіп келеміз. Дағарадай кең көлікте жасы жетпіске жетсе де, қимылы ширақ, еті тірі, байырғы шопыр, осы өңірдің тумасы Жайлыбай екеуіміз ғана. [жалғасы]

Кезең келбеті

Жаңа жылдан кейінгі бір аптаға жуық демалыс көзді ашып-жұмғанша зу етіп өте шықты. Жұмыстың алғашқы күні-ақ жоғары жақтан келіп түскен шұғыл хабарлама жергілікті басқару үкіметін әбден әбігерге салды. Облыс активтері тайлы-тұяғымен жиналып өткізген отырыс сол күні-ақ қала, аудан, басқарма, орталық, бөлім, бөлімшелерге құлдилай жалғасып, толықтай бір тәулікке ұласып кетті. Жинала қалып ақылдасты, бас изесіп құптасты, қоян-қолтық жұптасты, қол берісті, қол алысты... [жалғасы]


Сүрткіш

Мұхиттың арғы жағындағы алып қаланың орталық алаңында серуендеп жүрген едім. Елден келгелі үш айдан астам уақыт өткен. Қанша жерден өркениетті елдің әлемге әйгілі шаһарында жүрсем де, туып өскен ел-жеріме тез жетуді армандап, көңілім алып ұшып, асығумен көп күндерім өтті. Міне, ертең таң сәріде елге қайтамын. Уақыт жақындаған сайын тағатсызданып, бұрынғыдай күнді емес, енді, сағат, минутты да санап кетеді екенсің. Бала-шағамды сағындым ба, осында өткізген үш айды ой елегінен өткіздім бе, алаңда қанен-қаперсіз баяу ғана адымдап жүр едім. Қасымнан өте берген біреудің: 

- Excuse me, are you Kazakh? (Кешіріңіз, сіз қазақсыз ба?) - деген тосын даусы еріксіз жалт қаратты.

- Иә, қазақпын! [жалғасы]


Автордың дербес парақшасына өтіңіз
author

Қуандық Шамахайұлы

ЖАЗУШЫ

Жаңалықтар

“Банк ЦентрКредит” қызметкерлері тұтынушыға қазақ тілінде қызмет көрсетпеген видео тик-т...

Жаңалықтар

10 мамырда Қостанай облысы, Ұзынкөл ауылында өз үйінің ауласынан аудандық полиция бөлімі қызметкерін...