Жамбылдың 175 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі мемкомиссияның алғашқы отырысы өтті

ӘДЕБИЕТ
1396

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті мерейтойлық іс-шаралардың жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейін қамтамасыз ету үшін «Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» арнайы Жарлық қабылдағаны белгілі.

Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы ұлы жырау, дала Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың рухани мұралары әлемдік мәдениеттің алтын қорына енгенін атап өтті. Жамбыл Жабаев өзінің ғибратты ғұмырында адами қасиеттерді ардақтауды, Отанға деген іңкәрлікті және қара қылды қақ жарған әділеттілікті жырына арқау етіп өтті. Бүгінгі таңда оның шығармашылығы қоғамның рухани жаңғыруы жолында ерекше өзекті болып отыр.

Қ.Көшербаев былтыр ұлы Абайдың 175 жылдық және Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларын жоғары деңгейде лайықты атап өтілгеніне тоқталып, ұлы жыраудың мерейтойы да ұрпақтың санасына ұлағат болар тағылымдық және танымдық іс-шаралар арқылы жалғасатынын айтты.

Отырыс барысында Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың, Алматы және Жамбыл облыстарының әкімдері А.Баталов пен Б.Сапарбаевтың, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұ.Есдәулеттің Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аясында өткізуге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпараттары тыңдалды.

Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссия мерейтойлық іс-шаралардың жалпыреспубликалық жоспарын мақұлдады және бекітті. Мерейтойлық жыл ішінде республика бойынша 500-ге жуық әлеуметтік, имидждік, ғылыми, танымдық іс-шаралар өткізіледі. Бұдан бөлек, ақын өмірінен деректі фильм түсіру, өлеңдерінің жаңа жинақтарын шығару, айтыстар мен әдеби конкурстарды, кітап көрмелерін ұйымдастыру, мерейтойлық монета, пошта маркасын әзірлеу және басқа да шаралар өткізу көзделіп отыр.

Мемлекеттік хатшы Үкіметке жалпыреспубликалық жоспардың сапалы орындалуын және мерейтойлық іс-шаралардың ақпараттық тұрғыдан жан-жақты сүйемелденуін қамтамасыз етуді тапсырды. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдеріне Жамбыл Жабаевтың мерейтойын мерекелеу жөніндегі өңірлік жоспарларды әзірлеп, бекітуді және олардың орындалуын қадағалауды міндеттеді.

Талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік комиссия мерейтойлық іс-шаралардың жалпыреспубликалық жоспарын бекітті.

madeniportal.kz

author

Жамбыл Жабаев

АЙТЫСКЕР

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...