Петропавлда 11 жастағы қыз баланы марқұм та-атанысының несиесі үшін соттады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
291

Петропавлда сот дауы өршіп тұр: коммерциялық банк 11 жастағы жетім қыздан марқұм анасының 90 мың теңге көлеміндегі несиесін өтеуді талап етуде, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бесінші сыныпта оқитын қыздың анасы бір жыл бұрын инфаркттан қайтыс болып, өтелмеген тұтынушылық несие қалдырған. Енді кәмелетке толмаған бала сот процестеріне тартылып отыр. «Бұл несие тұтынушылық мақсатқа алынған. Ал сіздер әрекетке қабілетсіз кәмелетке толмаған баланың мүлкіне тыйым салуды сұрап отырсыздар. Несие кепілсіз берілген, ипотека емес. Мен үшін 90 мың теңге — үлкен ақша», — деді сотта қыздың қамқоршысы.

Қаржы ұйымының өкілі Әсел Есентаева өз кезегінде қарыз алушы қайтыс болғаннан кейін банк барлық өсімпұлды алып тастауға келіскенін хабарлады.

Оның айтуынша, кешіктірілгені үшін барлық айыппұлдар 100% жойылған, ал банк тек негізгі қарыз сомасын талап етіп отыр.

Қазіргі таңда іс сот қарауында. Қыздың туыстары алаңдаушылық білдіріп, бұл талап-арыз салдарынан бала өздерінің жалғыз баспанасынан айырылып қалуы мүмкін екенін айтуда.

Шешім отырыстарына мектеп оқушысының өзі қатыспайды — оның мүддесін сотта туған апасы әрі қамқоршысы Зинаида М. қорғайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық ұлан қатарында борышын өтеп жүріп ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар көз жұмды. Қаралы хабар ті...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда автобус жүргізушісінің денсаулығы жол үстінде күрт нашарлап, ол көлік тізгініне ие бола алм...