Косметологиялық емханада артық салмақтан арылуды қалаған әйел көз жұмды

Фото: el.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2546

Мәскеулік косметологиялық емханалардың бірінде артық салмақтан арылуды қалаған әйел 40 жастағы әйел көз жұмды,  деп хабарлайды madeniportal.kz el.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм әйелдің ағзасы медициналық препаратқа жедел аллергиялық реакция берген.

Сұлулық процедурасынан кейін 40 жастағы Марияның денесі медициналық препаратқа жедел аллергиялық реакция берген. Бұл бөртпе эпилепсиялық ұстамаға әкеп соғып, жағдай ушығып кеткен, - деп түсіндірді полиция. 

Аллергиядан кейін эпилепсиялық ұстамасы ұстаған әйелге екпе еккен маманның 18 жылдық тәжірибесі бары айтылды. Оның денесінің іш жағынан бірнеше инъекция іздері табылды. 

Қайғылы оқиғадан кейін косметологиялық клиника жұмысын тоқтатқан. Қазір тергеу жүріп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...