Ералы Тоғжанов Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалды

Фото gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
18

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Өзбекстандағы елшісін тағайындады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Тағы бір Жарлықпен Президент Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарған Бейбіт Атамқұловты қызметінен босатты.

Ералы Тоғжановтың өмірбаяны

Ералы Тоғжанов 1963 жылғы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтын тәмамдаған. Мамандығы – заңгер.

Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысындағы Октябрь орман шаруашылығында жұмысшы болып бастаған.

1988–2001 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының директоры, факультет деканы, Қазақ мемлекеттік заң университеті филиалының директоры қызметтерін атқарды.

2001–2006 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды.

2006–2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері комитетін басқарды.

2008–2017 жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі және Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерінде еңбек етті.

2017–2019 жылдары Маңғыстау облысының әкімі болды.

2019–2020 жылдары Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы қызметін атқарды.

2020 жылғы 11 ақпанда Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылғы 18 қаңтарда Президент Жарлығымен бұл қызметке қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда қайтадан Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды.

2022 жылғы 31 тамыздан 2023 жылғы қыркүйекке дейін Ақтөбе облысының әкімі болды.

Шоу-бизнес

Танымал тележүргізуші, биылғы жылы өз кандидатурасын депутаттыққа ұсынған Аша Матай тағы да сынға ұш...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында жеңіл көлік тасжолға құлаған ағашқа соғылып, салдарынан жүргізуші зардап шеккен, де...