Атырауда тұрғын үйлердің шатыры ұшып, жолдар жабылды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1271

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Салдарынан әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің шатыры зақымданып, кейбір жерлерде бір бөлігі ұшып кеткен. Төтенше жағдай Құрманғазы, Махамбет, Мақат аудандарында және Атырау қаласында тіркелді. 

Сондай-ақ көктайғақ салдарынан республикалық маңызы бар Атырау-Орал, Атырау-Ақтөбе, Атырау-Бейнеу тасжолында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Қатты желден Индер ауданы тұтастай жарықсыз қалған. Қазір құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...