Халықаралық «Golden Time Talent» Арт Фестивалінің жеңімпазы –Талғат Тілеужанов

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
6197

Ұлыбританияда өткен Халықаралық "Golden Time Talent" Арт Фестивалінде қазақ суретшісі Талғат Тілеужанов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «Мәдениет порталы».

Әлемнің он жеті елінен келген қылқалам шеберлері бақ сынасқан аталмыш фестиваль екі айға созылып, нәтижесінде үш картинасымен бірінші орынға қазақ суретшісі Талғат Тілеужанов лайық деп табылды.

«Әуелі ұйымдастырушылар тарапынан арт фестивальге қатысу ұсынысы келіп түсті. Содан соң, конкурсқа онлайн түрде жұмысымды ұсындым. Нәтижесі, міне, бүгін анықталды. Құдай қаласа, бір аптаның ішінде кубогым келеді» дейді қазақ суретшісі.

Golden Time Talent - халықаралық таланттар фестивалі. Фестивалдің басты мақсаты - ерекше таланттарды табу және оларға өздерін көрсетуге мүмкіндік беру. Латвия, Литва, Украина, Грузия, Польша, Болгария, Армения, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан және басқа да көптеген елдер қатысатын аталмыш фестиваль вокалисттер мен музыкант, бишілер мен актерлар және суретшілер арасында өтеді.

madeniportal.kz

ЕЛ ІШІ

Батыс Қазақстанда қардың еруі және жауын-шашынның көп түсуінен 432 тұрғын үйдің ішіне су кірді,...

ҚОҒАМ

Статистика бюросы Қазақстан ажырасу бойынша әлемде екінші орында деген ақпаратты жоққа шығарды, хаба...