TikTok бір жылға бұғатталатын болды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2185

Албания TikTok-ты кемінде бір жылға бұғаттайды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Тыйым 2025 жылдың басында күшіне енеді.

Албания билігі TikTok әлеуметтік желісіне кемінде бір жылға қолжетімділікті шектейтінін хабарлады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Эди Рама мәлімдеді.

Премьердің айтуынша, бұл шешім мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін қабылданған. Тиранадағы ұстаздар, ата-аналар және психологтермен өткен кездесуде Рама TikTok-ты «аулалық қылмыскер» деп атады.

«Біз оны бір жылға жауып, оқушыларды оқытуға және ата-аналарға балаларының дамуын бақылауға көмектесетін бағдарламаларды енгізуді бастаймыз», - деді үкімет басшысы.

TikTok-қа шектеу енгізу шешімі өткен айда 14 жастағы баланың сыныптасы қолынан қаза тапқанынан кейін қабылданды. Бұл оқиға Балқан елінде үлкен наразылықтар туғызды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...