Құл-Керім Елемес
АҚЫНЕлемес Құл-Керім 1963 жылы 5 қарашада ҚХР-дағы Шыңжаң өлкесі, Бұратала облысы, Жың ауданына қарасты Қызылүй деген жерде туылған. 1984-1986 жылдары екі жыл ұстаз болып қызмет жасаған. 1986-1991 жылдары Іле Қазақ автономиялы облысының «Іле» газетінде бөлім редакторы болып, 1991-1993 жылдары Шыңжаң халық радиостанциясында («әдеби-мәдениет» бөлімінде) қызметкер болып істеген. 1994 жылы атамекені Қазақстанға біржолата қоныс аударған. Республикалық «Егемен Қазақстан» (1994-1995) тілші, «Жалын» (1995-1996) баспасында аға редактор, «Қазақ елі» (1996-1997) газетінде тілші болып жұмыс істеген. 2003 жылдан бері Республикалық «Балдырған» журналында қызмет атқарады. Президент стипендиянты. Күллі түрік дүниесі ақындары байқауының дипломаты.
«Ақ Жалын» атты тұңғыш жыр жинағы 1988 жылы Қытай Халық Республикасының «Шыңжаң жастар-өрендер» баспасынан шыққан. «Жұлдызды түн» атты кітабы еліміздегі «Құсжолы» баспасынан (2002), «Жетінші аспан» атты жыр кітабы «Елорда» баспасынан (2002) жарық көрді. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты кітабын төте жазудан қазақшаға түсіріп, шығарғандардың бірі.
Құл-Керім Елемес (қажы) жырда өзіндік стил қалыптастырған ақын. Оның ақындықтан тыс «Екі ғасырдың екі ақыны» (Абай мен Мұқағали жайлы), «Ішкі шындық және ішкі шындықты таныған ақын» (Д.Байтұрсынұлы жәйлі), «Қазақ поэзиясының қарагері» (Қ.Мырза Әлі жәйлі), «Жастық жыры» (Т.Молдағалиев туралы), «Асқардың асқары» (О.Асқар туралы), «Биік мұрат жолындағы ақын» (Ұ.Есдәулетов туралы), «Шекара асқан ақындар» атты сын, «Ғасырлар қойнауынан келген абыз», «Күй қанатындағы тағдыр» ғылыми зерттеу, «Аллаһты тануға асығайық», «Ұлттың алты қорғаны» сынды діни танымдық, «Ел болудың негізі Отан сүйюден басталады», «Көрер ең қашқындықтың күні туса» сынды публистикалық мақалалары ақынның дін, ұлт, қоғам, өнер жайлы көзқарасын бір қырынан айқын көрсеткен дүниелері екені даусыз.
Құл-Керім ақын ғана емес, әнші де. Ол орындаған біраз әндер «Қазақ» радиосының алтын қорына жазылған және «Қазақтың мың әні» топтамасына енген. Оның жазған әндері мен шығарған күйлері өз алдына бір төбе. Оның Жетісу күйшілігінде «Елемес мектебі» деп атала бастаған күйші Елемес әулеті екенін ескерсек, ақын шыққан топырақтың рухани құнарлы екенін білеміз.
Құл-Керім Елеместің жырлары жайлы алғаш әдебиетші Болат Бопай «Ақ жалын», ақын Дәулетбек Байтұрсын «Өзгеше өрнек» атты мақала жазса, сыншы Асан Әбеу ұлы «Үш поэма туралы» деп аталатын көлемді зерттеуін жазып, онда ақынның «Жер ана мен адам» поэмасының шығыс Түркістан әдебиетінде дәуір бөлгіш шығарма болғанын айтқан. Ал сосын филология ғылымының докторы, професор, халықаралық «Алаш» сыйлығының иесі Бекен Ыбырайым «Керімнің кестелері» деген атпен арнайы мақала жазса, Әбіш Кекілбаев мақалаларында ақын жайлы жазды, сұхбаттарында атады. Белгілі сыншы Тұрсынжан Шапай ақынның өлеңдері туралы жылы лебізін – «Сен келдің» (мақала) деп білдірсе, ақын, филология ғылымдарының кандидаты Әбдірәсілқызы Айнұр өзінің «Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі» атты үлкен зеттеу еңбегінде аталмыш тақырыптың қазіргі өкілдерінің бірі ретінде арнаулы тоқталған.
ЖасыруЖАЗ – ЖІГІТ Көктем – сәби кешегі, Жаз – жігіт боп есейді. Тіршілікті, е...
ЖАУЫН Басы қармен басталып, Соңы жауынға ұласар. Сол жауынмен расталып, Жауқазындар гүл...
АЛАҚАН Талдың басы көгеріп Жапырағы жәйқалды. Қауыз жарған көк өрік Самал соқса шайқалды...
КӨКТЕМ КЕЛЕР... Келер көктем жер үстімен, Кейде жердің астымен. Келген жылы жер үстінен,...
АСПАН Аспан түбі көкпеңбек Беті ақшыл мұнарлы. Жұлдыз сонау көктен кеп Сығалауы тым әрлі...
Орындаған Құл-Керім Елемес