Бірде қас қарайған шақта қала шетіндегі аялдамада автобус күтіп кезекте тұрған едім. Алдымда жүк тас...
Әбенің әңгімесі
2115
Тоқсаннан асқан шағында айналасындағы әр қимылды, құбылысты байқап отыратын қарияның сергектігі, сөзінің шынайылығы ақсақалдық қадірін арттыра түседі. Алдындағы қағазды оқу үшін көзілдірігін шешіп, жақынырақ ұстайды. Әлдеқандай ойын ұмытып қалмайын деп қағазға түсіріп қоятын әдеті бұрыннан бар сияқты. Қайта басын көтеріп, көзілдірігін қолына ұстаған қалпы әңгімесін мүлде басқа тараптан бастайды. Алдыңғы айтқан сөзімен еш байланыстыра алмай, тыңдап отыра бересің. Бір уақытта екінші естелік алдыңғы сөзбен бір оқиғада түйісіп, жұмбағы шешіледі. Мағынасы байи түседі. Жазушылық ойлаудың күнделікті өміріне де осыншама араласып кеткенін өз ісіне әбден берілгендікке жорисың. Тіпті, өзі оны прозалық шығарма сияқты айтып отырмын деп ойламауы да мүмкін ғой.
Әбенің аузынан біраз уақыт бұрын жазып алған сол естелікті айтқан қалпы қағазға түсірдік. Аға, замандас туралы сағыныш сөзі еді бұл.

«Қарыздың круглыйы жақсы»
Мұқан Иманжанов қайтыс боларда біз жиі барып тұрдық. «Менің өлгенімді мына екі жапырақ бала көрмесе деп едім. Мені туберкулез институтына жатқызыңдар» деді. Әйелі: «Жоқ, жоқ» деп шыр ете қалды. Біз де келіспедік. Сұп-сұр боп жатты. Көзінің алды көкпеңбек. Қу сүйек. Бет сүйегі шодырайып шығып кеткен. Қатты ауырды. Қиындық көрген. Әбден ит сілікпесі шыққан адамның терісі жұп-жұқа болып кетеді екен. Сонан жатты да, басын шайқап: «жоқ, мені соған салыңдар», – деді. Апардық. Директор, бас дәрігер бәрі жүгіріп жүр. Менде үйде телефон жоқ. Төртінші линия – Калининда, Тахауи екінші линияда тұрады. Ол да Калинин көшесінде. Көршіміз. Зейнолла көлікпен жетіп келді. «Ойбай, Мұқан қайтыс болайын деп жатыр екен» деді. Ақын-жазушылардың бәрі сол институтта жүр. Машинамен барсақ, халық толы. Бәрі бар. Ғабиден Мұстафин жоқ. Одақтың бастығы.
Өйткені, елу төртінші жылы қыста мен келгенде Мұстафин «Қарағандыны» жазған. Мұстафиннің кабинетінде талқылап жатыр екен. Мұқан Иманжанов диванда жағын таянып, көзін жұмып, қисайып отырды. Қол-аяғы ұзын, басы үлкен, бойы серейген қалпы отыр. Бәрі төрт сағат бойы мақтады. Ғабиден Мұстафин шалқып отыр. Бір кезде Ғабиден: «Ал енді көп сөйледіңдер. Сендерге рахмет! Пікірлеріңді тыңдадым. Доғарсақ» деді. Кіл мақтау еді. Сол кезде Иманжанов көзін ашып алды да, қолын жақтаудан алмастан көтерді. Ғабиден: «Мұқан, сөйлейсіз бе?», – деді. «Иә» деп, ә дегеннен тас-талқанын шығарып, сынап кетті. Жүзі жайнап отырған Ғабиден бір қызарып, бір бозарып сұп-сұр отырды. Ғабиден керемет шыдамды адам еді. Шыдамай, даусын көтеріп: «Мұндағы кісілер төрт сағат мақтады. Сен бір жылы сөз таба алмадың. Сонда сен білгіш те, мыналарға күл шашып отырсың ба?», – деді. «Жоқ, мен пікірімді айтып отырмын» деді. Ғабиден бірдеңе деді, ол да жауап айтты. Сосын: «Менің пікірім осы. Қалғанын өздерің біліңдер», – деді де шығып жүре берді. Ол ылғи осындай принципшіл адам еді. Ғабиден сол үшін Мұқан қайтыс болғанда одақты бастап бармады.
Содан біз бардық. Үлкен үйі бар, жүдеу. Біз машинадан түскенде Мұзафар келді. Зейнолла үшеуіміз кірдік. Кірсек, ұзын бөлме. Үлкен терезе. Терезенің бір қапталында темір төсек, төсекте басы дәу, ұзын, қызыл қоңыр жамылғыш, кіндігіне дейін жапқан, қолы соның үстінде, бетсүйегі шортиып шығып, тері деген жұқарып кеткен, көзінің алды көкпеңбек, көк тамырлары білеулене сұп-сұр болып жатыр екен. Біз таңғалдық. Жақындап келіп, бас жағына тұра қалдық. Ең жақын мен, менен кейін Зейнолла, одан кейін Мұзафар. Үн жоқ тұрмыз. Қырылдаған ақырын дауыспен: «Ал, бауырларым, кіндіктен жоғарғы жақ менікі де, төменгі жағы қара башпайыма дейін менікі емес, қош болыңдар», – деді. Екеуі солқылдап жылады. Менің көзімнен сыңар түйір жас шықпай, көзімді жұмып алып, тістеніп, жанымды қинаймын жас шығар ма екен деп. Жас шықпайды. Ең жақсы көретін адамы мен едім. Сонан қашанғы тұрам, бір көзімді ашып қарасам, Мұқан екі көзін маған қадап алыпты. Мен екінші көзімді ашып алдым. Арбалған торғайдай көзінен көзімді ала алмай тұрып қалдым. Мұқан да көзін айырмайды. Бір кезде бетінің ұшындағы шодырайған сүйекті жауып тұрған терісі шелектегі мөлдір суға шыбын қонғанда ұсақ дөңгелектер пайда болатын сияқты жиырылып күлімсіреді. Зәрем ұшып кетті. Маған сыбырлаған дауыспен: «Қарыздың круглыйы жақсы» деді.
Бірін айтып біріне кеттім. Мен оқу бітіріп келіп, Зейнолланың үйіне түстім. Зейнолланың үйі жартылай жертөле. Қазіргі Бөгенбай батыр мен Достық көшелерінің қиылысында. Соның бұрышындағы екі қабатты үй. Соның жоғарғы қабатына сыртынан баспалдақпен көтеріледі. Оның үйі қасқырдың апанындай. Апанға Зейнолла алып келді. Үйге өзі бастап кірді. Біз жоғары бөлмесіндеміз. Кішкентай терезе, сол жалғыз терезесінің төменгі жағы асфальтпен бірдей. Көшеден өтіп жатқан адамдардың тобығы, тізеден төмен жағы көрініп отырады. Сонда неше түрлі аяқты көреміз. Біз жаңағы тамақ ішіп отырып. «Зейнолла, мына біреудің аяғын қарашы оқтаудай екен» десек, Сәуле: «Иә, сендерге әйелдердің түзу аяғы болса, сендер тек соған мәз боласыңдар ғой» дейтін. Сонда он жеті күн жаттық. Олар тоғыз, біз үш адам. Жуынатын, тағы басқа жерлер ортақ. Түнде далаға шығудың өзі қиын. Біреудің аяғын басып кетпесем екен деп жүресің. Ақша жоқ. Қарыз сұрайын десем, ақын-жазушылардың бәріне жиырма жеті мың қарызбын. Ол кезде «Волга М-21» тоғыз жарым мың. Зейноллада да ақша жоқ. «Жұлдыздың» редакторы. Тоғыз адамды асырап отыр. Содан он жетінші күні таң қараңғысында оянып, кімнен қарыз сұрауды ойладым. Есіме Мұқан түсті. Бұрын да жақсы араласатынбыз. Хәл үстінде жатқан адам. Сұрауға қанша ұялсам да, басқа адам жоқ. Атып тұрып, киіндім. Горький паркін кесіп өтіп, татаркадағы үйіне бардым. Қақпасы ашық екен. Ит байлаулы, арпылдап тұр. Есікті ашып қалсам, үйдің түпкірінде уһілеген дауыс шығады. Ең жақсы көретін адамым, оның жаны қиналып, гүрсілдеп жатқаны емес, бірінші қалтамның тесігінен ұры ақшаны алып кеткендей күйге түстім. Иығым түсіп кетті. Аяғым ұшынан басып кірсем, диванда жатыр. Кішкентай жастыққа бетін басып алыпты. Үстінде сол кездегі халат. Қызыл қоңыр жолақты. Белдігі бар. Ұзын, басы нән, жауырынымен күрсілдеп жатыр. Жанына жақындағанымда басын көтерді. «Ә, бауырым, кір, кір», – деп, ұзын үстелдің басына барып отырды, мен төмен жағына отырдым. «Иә, ерте жүрсің ғой» деді. «Иә, солай». «Қалайсыңдар?». «Бұрынғы күй ғой», – дедім. «Сол Зейнолланың үйінде жатсың ба?». «Иә». «Олар тоғыз жан. Сен үшеу. Неше күн болды?». «Он жеті күн». «Бөлек шықпайсың ба?» деді. Сұрауға қиын еді. Өзі бастаған соң, қуанып кеттім ішімнен. «Оны өзім де біліп жүрмін ғой», – дедім. «Біліп жүрсең, шықпайсың ба?». «Реті болмай тұр ғой, Мұқа», – дедім. Маңызды болып отырмын өзімше, сұрайтын сәт жақындап қалды. Үндемей бетіме қарап отырып: «Осы сенде қарызы көп деп жүр. Ақшаң болмай жүрген жоқ па?», – деді. Сабыр сақтағандай, «Солай болса, солай шығар», – дедім. Отырып қалды үндемей. Ойпырмай, көз алдымда: «Әй, бауырым, осы үйде денсаулық болмағанмен, Құдайға шүкір, ақша бар. Менен он мыңға дейін алуыңа болады» деді. «Жоқ, Мұқа, маған он мың керек жоқ». «Қанша керек?». «Үш мың». «Үш мың не болады ол? Үй жалдайсың. Бұл араның үй беретін адамдары алдын ала бір жылға, жарты жылға ақшасын алып алады. Ал сол ақшаны негізін үйге төледің. Ар жағында жұмысқа тұрып, айлық алғанша, бірдеңе ғып жан бағу керексің». «Жоқ, үш мың жетеді» деп едім. Шарт етіп ашуланды. Өзі аурып отырған адам. «Бұл қалай? Айтып отырмын ғой, сен тағы кімнен сұрап жүресің? Бес-алты мың ал». «Жоқ, оның реті бар ғой». «Қандай рет?». «Зейнолла айтатын. Қарыз алмау керек, ең жақсысы. Ал қарыз ала қалсаң, қарыздың круглыйы жақсы дейтін», – дедім. Қарқылдап кеп күлді. «Менің жиырма жеті мың қарызым бар. Сізден үш мың алсам, отыз болады. Круглый деген осы». Екеуіміз де күлдік. Екі сөмкемен базарға кеткен екен, Разия келді. Шәй ішіп, үш мыңды алып кеттім. Сонан дүниеден өтерінде соны айтып қалжыңдап жатты. Қандай ерік десеңші!

Жоғалған өрнек орамал
Ілияс Омаров: «Ертең онда барайық», – деді. Асқар Закаринге айтып, екеуі бір жақтан, дос адамдар. Ертеңінде келдік. Мен әлі ойланып келе жатырмын. Мұқан мінезі ауыр адам. Ілекең сыпайы кісі. Амандасып, сосын екеуінің арасында делдалмын. Екеуін қалай сөйлестіріп жіберемін десем, ойыма түк келер емес. Сонан Ілекең кіріп келді. Мұқан Иманжанов галстукке дейін тағып, костюмін киген. Әйелі де, балалары да сондай. Дастархан жайнап тұр. Сонан Ілекең: «Мұқан, сен ұзақ ауырған екенсің. Сыртыңнан біліп
жүрмін», – деді. «Иә, Ілеке, солай», – деді. «Сен де науқас, менің де бір науқасым бар. Бұл адамның өзімен бірге жаралған науқасы болады екен. Тәнімен тән, жанымен жан болып кеткен. Бұл өзі аңшылардың иті секілді, маңдайынан теуіп жатса да, құйрығын екі бұтының арасына қыса қалып, кетудің орнына, тығыла түседі жер бауырлап. Енді жазушылардың шығармасында бас герой жазушының өзі дейді ғой. Жақып деген бір жігерлі, саналы, төзімді, қайратты адам еді ғой. Бұған шыдам керек, төзім керек, емделу керек». Сөз өзінен-өзі жүріп кетті. Керемет отырдық.
Сонан сәуір айы. Жер көктей бастаған. Ілекең ертеңіне тағы кездесіп қалды. Ілекеңе қарасам, үстіндегі ескі костюм екен. Үтіктелмеген. Өзі жүдеу. «Ілеке, шаршап жүрсіз. Көріп тұрмын, курортқа бармайсыз ба?», – дедім. «Ой, курортқа барып жүрмін. Талайына бардық». «Ілеке, мен Аралдың батыс бетінде, Маңғыстаумен шектесетін жағында алыс ауданда тұрамын ғой. Теңіздің сол жағы терең, мөп-мөлдір, жағалауы қандай. Жусанның кем дегенде он-он бес түрі шығады». «Ой, ауылда демалыс бола ма? Барасың, қонаққа шақырады». «Жоқ, біздің ауылда шақырмайды», – дедім. Күлді. «Өзі қазақ болса, өзі қонақ шақырмайтын болса, сенің ауылың қандай ауыл?», – деді. «Оның реті бар. Орталықтан жиырма төрт шақырым жерде балығы көп қолтық бар. Шығанақ деген. Беларан деген шыңы бар. Мен ауылды үйреткенмін» дедім. «Қалай үйреттің?», – деді. «Келемін, Нұрпейістің інісі балықшы. Соның үйіне түсемін. Сосын он сегіз үйге кіріп шығып амандасам, отырмаймын. Бәрі де отыр дейді. Көршіміз ғой. Жақсы балық келгенде өзім келіп, сендермен балық жеймін деймін. Соған үйренген» дедім. «А, солай ма?». «Иә, солай». «Ат бола ма?». «Екі ат сұрап аламын». «Жақсы барайық». Сонан Аралды баса, айналып жүрсе үш жүз жетпіс шақырым біздің ауылға дейін. Жол жаман. Шалқар арқылы екі жүз он шақырым. Жолы жақсы. Ұлы құм. Шалқар арқылы баратын болдық. Шалқарға мен бір-екі күн бұрын келіп, жиырма екі тауық сатып алдым. Ақбике деген қарындасымыз бар, күйеу баламыз райкомда істейді, завотдел. Райкомнан машина сұрап алып, бір қонып келдік. Келсек, он тоғыз үй бәрі қой сойған, бәрі біріне-бірі жағалай кіріп, құдайшылап жүр. Ілекең: «Бұл қалай?». Бұрын қанша ауыл болса да, бір үй құдайы жасап, қалғандары сол үйге баратын. Сосын мен де: «Бұларың қалай?», – деп сұрадым. «Ойбай, қонақ балалар. Бүгін үшінші күн шығыс жақтан айдаһар ұшады. Жаңа да тапа тал түсте шығыстан батысқа ұшып өтті. Біз не істейміз. Шелек, қазан, легендерді қолымызға алып, даңғырлатып, айғайлап қуып саламыз. Кеше екінші рет ұшқаннан кейін он жеті шақырым жердегі Теріскен деген жерде жалғыз үй Әдіш молдаға, түйеші, соған жіберіп едік: «Иә, мен де көрдім. Құдайдың қарғысына ұшырадық. Енді бар үй құдай жолы қылыңдар, – деді. Сосын айдап кеп салдық». Ілекең күліп: «Енді бәле қылғанда ол айдаһар өмір бойы үстеріңізден ұшады да отырады ғой», – деді. Екі шал қатарынан: «Ойбай, қонақ бала, ол не дегеніңіз? Жаман ырым шақырып. Онсыз да шықпаған жанымыз қорқып отырғанда», – деді. Ілекең: «Иә, ол айдаһар екен рас. Ол осы заманның айдаһары ғой. Реактивный самолет деген айдаһар ғой. Ол ылғи ұшады. Мына Ташкент пен Мәскеудің арасында ұшатын самолет болу керек», – деді. Жаңағы шал түрегеп тұр еді: «Астапыралла, ақтабан самөлет дей ме?», – деп отыра кетті. Баяғы заман болғанда көк аспанда мөлдіреп тұрған айдаһар секілді реактивный самолет соңында шұбатылған ақ түтін қалып жатады, ақтабан самөлет деп кетер еді. Міне, осы ауылда біз жиырма екі күн жаттық. Күнде күн шығар шықпастан теңізге кетеді. Кеше салып қойған ауын қарайды. Біз әлгі Тұщыбас деген басат ұзындығы жиырма шақырым, оң жағы көк қатпар мұз болып, теңізге кіріп барып қаратүп болып таусылады. Қаратүп ең биік жері, ең терең жері де сол. Арал теңізінің ең терең жері. Сосын сол Қаратүпте бір жыл Әбілқайыр хан қыстап шыққан. Қандай жағдайда, неге қыстап шыққанын мен білмеймін, оны Әбіш жақсы біледі. Сосын енді басаттың батыс беті жайпақ. Орталығы Құланды, жартылай арал. Содан жиырма төрт шақырым жерде Рыбаков ауылы. Балық көп. Аралдың ең терең жері жетпіс үш метр. Қалған жерлері жиырма-жиырма бес метр. Орташа тереңдігі де сондай. Кей күні балықшыларға түске дейін ілесіп, теңізге шығып, түстен кейін қайтамыз. Өздері кешке қайтады. Біз барғаннан кейін шал түске ерте тамаққа ауын қарап, бекіре, қаяз, сазан дегендер, ойбуй, сары бауыр шалғын бас деген сазандар, жоны қап қара, бекіреге бергісіз. Енді қазақта: «Итте ата жоқ, балықта бата жоқ», – дейді. Құранда тек сазан балыққа бата бар екен. Мен соны Бәйіш деген кісіден естідім. Аурулы, үзірлі, өзі содан ертерек қайтыс болды. Бірде Құландыға баратын болып, сонымен жазда түйеге мінгесіп бара жатқанда маған айтты: «Балықта бата жоқ дейді. Бірақ Құранда сазанға бата бар». «Мен жазып алайын» дедім. «Құландыға барған соң айтайын жазып ал» деді. Жазып алдым. Соғыс кезінде сол, сосын атестат оныншы бітірген, бухгалтерлік секілді формулюр үлкен энциклопедияға ұқсас графиктері бар, соны оқып жүріп повесть жазамын. Соны, атестатымды, сосын Әнеш деген қыздың маған ақсүйек ойнап жүріп, жолыққанда өз қолымен тігіп берген өрнекті орамалы, жаңағы сазанның Құрандағы батасы бәрі жоғалып кетті. Мен атестатсыз оқуға түсіп, атестатсыз бітірген адаммын.
Әрен деген ағамыз өзі домбырашы, өзі әнші, немере бізге, орта бойлы, бұйра шашты. Мен ешкімге көрсетпей жерден-жерге тығып жазып жүргенім бар еді. Мен жоқта сол тауып алып оқып жүреді екен. Жасекең деген ой керемет адам еді. Сол кезде жас жігіт екен-ау! Қырық екінші жыл маусым айы.
Әрендер әскерге барғысы келмей, Құландыда жүрді. Сонан кешкісін намаздыгерде Нәжім ағаның үйінің алдында тұр екен. Екі көше ғой ұзын. Нева даңғылы сияқты оқтаудай, кең. Содан тұрмыз. Қарағайлы құдық бар. Қыздар иін ағашпен барып, су алып қайтады. Соларда миуа болатын. Ұйық. Бота-тайлақтары жайылып кеткен түйе соған жайылып барады. Төбенің басында бұлақ. Суы кермек, мол. Төбебұлақ дейтін. Миуалы болады. Ол қастың ар жағында су шығаратын жер бар. Бұрқылдап жатады кей жерлері. Сонан халық көп. Қарағайлы бұлақ жақтан, шығыс тұстан салт атты қылаң беріп шыға келді. Көріп қалғандар: «Бір атты шықты. Ақбастыдан шыққан болды ғой. Айпырай, кім екен? Жаңалық білетін» деп жатады. Ол жерде радио бар. Алты жүзден астам халқы, трес, радиостанция бар. Балық қабылдайтын жерден басқа мұнде ештеңе жоқ. Сонан қарап тұр. Жақындаған сайын торы ала тай жалын қырыққан. Соны жақындағанын байқап Әрен аға маған: «Ал, бала, қағаз-қарындашың қайда алып, ақ пен қызылдың арасы, өрістен мал келетін кез. Шығыс жақтан, шамасы Ақбастыдағы жақайымдардан болуы керек, қырқылжың қара сақалды қырыққа келген Жасекең деген бізге алыстан қосылатын туыс. Астында торы ала тай. Сол кісі келе қалды» өйстіп жазып қой, – деді. Мен қып-қызыл болдым.
Содан бәрімізді тамыздың басында, Әрен де, Байғабыл да кетіп қалған. Байғабыл ары қарақалпаққа кетті. Бірінші секретарь қазақ екен. Әскерге бармай жан сақтап қалды. Нұрпейістің қалған балаларының бәрі екі ұлы Нәжім көкем, Қали ағам, Әрен, Әубәкір балықшы Құландыда тұрады, бәріміз «Пионер» деген қайыққа тиеліп, Ақбастыға соғып, сол жерден бір топ, Аралдан да адамдар отырды. Ол жерде менімен бірге оқыған Сманов деген жігіт мінді. Кейін Қызылордада Депоның бастығы болды. Солақай еді. Бәріміздің қолымызда қағаз. Бәрімізді апарып, Сталинградтың түбіне тастады.

Бар екен бұл ауылда он бір батыр
Ілекең екеуімізде екі мылтық болады. Толған ақ шағала мен өгіз шағалалар. Сыпылдап ұшады. Жасыл бас үйрек, қоңыр үйрек, бір қазан да жүреді. Біз күмпілдетіп атамыз да жатамыз. Әр жерде қайықшылардың ауылы. «Әй, балалар, біздің ауылдың құстарын әбден қорқыттыңдар. Енді қайтесіңдер атып?» деп бір жолы айтқандары бар. Ілекең бір шағаланың қанатына тиіп, оны емдеп, басы пәлеге қалып, ол үйден шықса ит қуып, әйтеуір қараңғы бөлмеден ет беріп, тәуір болғасын ұшырып жібердік.
Балықшыларға ілеспесек, екеуімізде екі ат бар. Менің астымда қаракөк ат. Басын жерден алмайды. Жүріп келе жатқанда жолдың екі бетін жалмап жүреді. Тебініп қана жүргізесің. Ілекең бір адам жөнінде ғайбат айтпайтын. Бір күні: «Әй, Әбдіжәміл, сенің андағы қарны жер сипаған қаракөгің ЦК-дағы өндіріс жөнінде хатшы Яковлев деген болды. Орыс тіліндегі анайы әзілдерді білетін. Сенің атыңа да анайы әзілдерді үйретсе, аумаған Яковлев болады», – деді. Өзі бір келіспеген адамы болуы керек.
Қамыста сары ала қаз, қара ала қаз, торы ала қаз, қоңыр қаз атамыз. Кешке мен керзі етік киемін. Жыланнан қорқам. Сонан қырға шығамыз. Қолымызда таяқ. Бір жолы жылан кезікті. Менен қорқып, шетке ыршып кетті. Сонда Ілекең: «Бар екен бұл ауылда он бір батыр» деген өлең шығарды.
Таңертең ерте тұрып, бір бір кесе шұбат ішіп, жалаң аяқ теңіз жағасына барып, жаттығу жасап келеміз. Кейде тауық, кейде басқа да тамақтар жасап қояды. Кейде сазан, бекіре, қаязды асып қояды. Жағ-дайымыз жақсы болды.
Жиырма үшінші күні Сүндетбай мотористің Мақпал деген келіншегі бар еді. Сол жүгіріп келді. Түнімен дауыл. Сылақ жүрмеген қамыс қосты сықырлатып, теңіз жақтан қара дауыл соғады. Ертеңгісін тұра алмай, көрпе астында бұйығып жатыр едік. «Ойбай, кеме келіп, қолтыққа тоқтап. Сендер жаққа жиырма, отыз адам келе жатыр», – деді. Киініп, жүгіріп шықсақ, теңіз қап қара, ат жал толқындар. Бір кеме тұр. Шошаңдап. Он-он бес шақты адам келе жатыр. Олар кеше шыққан. Жүргіш кеме, десанттық. Соны басқарма жұмыс катер етіп алған. Обкомның секретары Қайсар, жұмыс басқарушы, Есетов ол кездегі ауданның екінші хатшысы, Құдайбергенов мәдениет бөлімінің бастығы, досым, Асқар Тоқмағамбетов, т.б. адамдар келді. Шал қонақ қылды. Кейін орталыққа бардық. Күніне үш қой сойылады. Ілекең шаршап жүреді. Бірақ амал жоқ, қатысады. «Егер қой бейшараларға сана бітірсе, қазаққа қарсы көтеріліске шығар еді», – деп сол кезде айтқан. Қырық күн арықты бір күн ұрындырған өлтіреді. Ілекең қуарып шыға келді. Олар да кетті. Біз де қайттық.

Ілекең – «Охотник на Прибалтике»
Ілекең бір жастықты шынтағының астына басып, Савросовтың «Охотник на Прибалтике» дегені сияқты, ши қалпағының астына қолын салып, күліп тыңдап жататын. Сонда әңгіме үстінде айтылатын тілдің бар маржандарын көкірегіне түйіп жатады екен. Мен оны кейін білдім. Маған айтпайды ғой. Келгеннен кейін Сәтбаевқа барған. Сәтбаевқа барып, Тіл білімі институтының қызметкерлерін Аралға жіберуді ұсынады. Жұмат деген ғалым. Екі баласы да ғылым докторы болған. Ол кезде докторлар аз. Соған екі жас жігітті қосып берді. Бір ай жүріп, ештеңе білмей келді. Өйткені, олар барып: «толқынның неше түрі бар?» деп сұраған халықтан. Олай сұрақ қойылса, мен де білмеймін. Оны жәй халық қайдан біледі. Ол тілге еті өліп кеткен, оны толқынның осынша түрі бар деп санап жүре ме? Толқын олардың стихиясы. Күнделікті қарым-қатынаста, керек кезінде сол толқын түрлерін олар айтып, қолданады. Олардың білімі көрінбейді. Өздері толқынның осынша түрін білеміз деп ойламайды да. Күнде қолданады. Сұрақ қойғанда, жауап бере алмайды. Өйткені, олар оны білім деп есептемейді. Олардың сол білімі бақылап отырғанда ғана көрінеді.
Әкем туралы аз сөз
Менің әкем Кәрім 1903-1944 жылдары өмір сүрген. Аса ауқатты отбасынан шыққан адам. Өзіне тетелес екі інісі Нәжім, Қали. Сталинград соғысына кірерде үйлеріне бір-бір хат жазғанда, сонда қаза тапқан. Екі бірге туған қарындасы Сағира, Зұлқия. Сағирадан басқа балаларын айтпағанда, белгілі ақын, журналист қыршубай қырт Мырзан Кенжебай. Зұлқиядан ұрпақ жоқ.
Әкесі Нұрпейіс үлкен бай Сламбайдың баласы. Болыс болған, мешіт ұстаған. Екінші сайлаудан кейін екі жыл ғана өмір сүріп, қайтыс болған. Үлкен әжеміз Сазаннан бала болмаған. Сосын ұлы құм бойындағы Тілеуқабақтың белгілі кісісінің қызын алған. Мен Перизат әжемнің қолында өстім. Перизат әжем өзі аңқау, өзі иманжүзді кісі болыпты. Балалары әкелерінен жас қалған. Сазан әжеміз ерте қайтты дүниеден. Перизат әжемнің шаруаға қыры жоқ болған. Нұрпейіс атамыз қайтыс болғаннан кейін бір-бір жарым жыл ішінде малдары қолы жеткеннің жетегінде, ит-құстың тісінде кеткен. Сіңірі шыққан кедей болып шыға келген.
Әкем Қали інісі екеуі балықшы да болды. Ауыл советті бір кез басқарды. Сосын отыз төртінші жылы Шалқарға үй ішімен көшіп алды. Онда паравозда от жағушы болды. Сосын станция алдында екі дүкен болатын, екеуінде де істеді. Кейін вагонлавкада істеді. Вагон екіге бөлінген. Алды азық-түлік, төр жағы әскери заттар. Бір шеті Шалқардан зат тиеп алып Ембеге дейін барады. Разъезд, станциялардың бәріне зат түсіреді. Теміржолдың стратегиялық маңызы болатын. Сол үшін керек заттармен ерекше қамтамасыз ететін.
Әкемнің сауда жағына қыры жоқ еді. Соңғы істеген қызметі, соғысқа кетердің алдында, аудандық промкомбинаттың директоры болды. Орнын орынбасарына қалдырды да, әкем соғысқа ілініп кетті. Әкем Тернополь түбіндегі түнгі соғыста қаза болған. Ал оның інісі Қали Сталинградта қалды. Оның денесі Тернопольдың батыс жағында қырық шақырым жердегі Почапинца деген ауылдың шығыс жағындағы төбешіктегі қорымда «братская могилада» жатыр.
Әкем аңшы болды. Қалада тұрғанда да қасқыр, түлкі алатын. Аңшы орыс иті болды. Оны арбакеш Сапа деген татардан сұрап алған. Сол ит екінші қаңтар күні Шалқардан әкем майданға аттанғанда, пойыздың артынан арпылдап жүгірді. «Ларик» деп қанша шақырсақ та, қайтпады. Сол қалпы жоқ боп кетті. Содан екінші шешеміз: «иті оралмады, ырымға жаман болды», – деді. Ақылды ит болатын. Аңға шыққанда, талай қалып қоятын. Түннің бір уағында өзі келетін. Бұл жолы қайтпады.
Әкем де, туған інілері де, екі-үш немере інілері де бәрі Сталинградта қаза тапқан. Елге келсем, Нұрпейістің інісі алыста Маңғыстаумен шектес балық колхозында балықшы, жер үйде тұрады екен. Мен үш атадан қосылатын Аралда балық рыбопетросоюзда бас бухгалтер болып істейтін Бекмурзин Байғабылдың үйінде жаттым. Керемет жағдай жасады, сонда «Курляндияны» жаздым. Бітірген соң, КазГУ-ге оқуға түстім. Мұқановтың айтуымен. Сәбең жарықтық маған: «Сен енді мына кітабыңды баспаға тапсырып жатсың. Сен КазГУ-ге түс. Оның орыс бөліміне. Жаздыгүні мен Мәскеуде болғанда, Лит.институттың директоры Патевке кіріп, бағдарламасын білдім. КазГУ-дың орыс бөлімімен бірдей екен. Сен биыл кітабың шығады. Қосатын, алатының болады. Сондықтан осында оқуға түс. Келер жылы Лит.институтқа ауысасың», – деді. Сол кісінің ақылымен мен бір ай өткен соң, орыс бөліміне түсіп, бір жыл оқып, Мәскеуге оқуға кеттім.
Байғабыл аға жылына екі рет Мәскеуге есеп беретін. Бір жолы бара жатқанда: «Саған не әкеп берейін?» дегенде, «Соғыс және бейбітшіліктің» төрт томдығын әкеңіз», – дедім. Сол қазір бар. Қызыл қоңыр түсті. Соны басыма жастанып оқығанмын. Орыс әдебиетінен тұңғыш оқыған шығармам болатын.

Жазып алған
Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ.