Эдвард Мунк. Көзбе-көз. 1894 жыл– Кешіріңізші! Алайда, айтуға тиіспін. Тиіспіз! Сіз бір сәтке...
Азамат Серікұлы. Сағыныштарым менің – менің сағыныштарым
4264
...келемін дедім, келемін дедің,
Неге жылаймын, неге күлемін?..
Неге күлемін, күлкілі!..
Күлімдеп тұрған көзіңе сенің,
Сеньоританың кірпігі.
Аяулы менің ғашығым!
Ауылым осы, мен де осы,
Ұялып тұрсың, ұялып тұрмын о, несі?!
Мəн берме оған суреттер ескі, суреттер,
Менің өзімнің елесім.
Аяулы менің ғашығым!
Радиолар сөйлесін, сөйлесін жауған жаңбырда.
Теледидарда - музыка,
Сен ұнататын əн мұнда.
Сен ұнататын көбелек,
Көбелек көркем бейнендей,
Ақ бұлттан көйлек кигендей,
Əлди-ау, əлди...ұйықтаймын,
Тозақтың түнін сүйгендей,
Жұмақтың таңын сүйгендей.
Сүйгендей ғұнның ханшасын,
Өлең жазғандай парсыша.
Терпсихора... о, Муза!
Аңсасын сені аңсасын.
Аяулы менің ғашығым!
Вена мен Париж, Варшава,
Олардың жасы қаншада?..
Антарктида - ғасырлық,
(Семей жатыр оңаша!)
Сениор! Сениор!
Көктемдей қызға гүл сыйла!
Гүл сыйла, гүлмен мұң сыйла,
Мұң сыйла, мұңсыз жыр сыйла.
Жыр сыйла, сыйла мені де...
1912 ж. 14 сәуірде Ньюфаундленд маңынан 375 миль жерде сағат 11:40-та (кеме уақыты:UTC-3) кеме айсбергке соғылады.
401. Титаник...
Анталогияларға енбеген кейіпте,
Газеттер баспаған кейіпте,
Өлеңдер жыласа күйіктен,
...қайтқанда түн ауа бейіттен,
Мен саған келемін...
Ол сөнген үміттер лауларын білді ме?..
Ол сөнген жанартау, таулармен түнге де,
Батысқа құлайтын Күнге де,
Азаттық силады, силады азаттық.
Қош келдің азаттық!
Азаттық қош келдің!
Мен сені қош көрдім!
Сен мені қош көрдің!
Сұлулар ерінін сүйетін кештердің,
Қайғысын көмгенде өлем мен.
Түңілген ойларға түнетіп түстерін,
Есімін жаңылып айтатын өлеңмен
Мен кеше ішпедім...
Мен саған келемін метро, көшемен,
Мен саған келемін əулие шешемен.
Мен саған келемін күздегі жасыммен,
Мен саған келемін келмеген ғасырмен!
Мен саған келемін Қорқыттың көрінен,
Мен саған келемін көнелер жолымен.
Мен саған келемін Титаник, Титаник,
Мен саған келемін сенімен.
(Мен саған келмеймін...)
...Айсберг. Титаник. Мен
жəне Сен...
Басына келіп Мұқаңның бейітін көрген,
Шайырың өлген, о,тоба шейітің өлген.
Кеңсайда қалың қорымның табыты ауыр,
Оянып кетсең қайтеді ей, көзі аққыр көрден.
Шертпелерімде еңіреп тәнім есілді,
Құрысын бүйткен өмір деп сүйреп көшіңді.
Күйігің сенің беу, жалған дауа таппады,
Иығым сүйеп отырды-ау кәрі бесінді.
Жан азаң дұға кескендей дабыра қылып,
Кеудемде тұлып, кемірген ойларым сұлық.
Жесір бұлттар жауатын күрең күз сонар,
Күрең күз неге шығардың кекесін қылық?!
Сөйлесін ол да ақынның ізін көргендей,
Мұң басып кеткен батпан шер жүзіңді нендей?!
Кабактарыңда кілкілдеп өлең оқылсын,
Сезімді бермей ешкімге сөзіңді бөлмей!
Одасын жазған аңыздар ақырғы әнің
Алатау күмбір-күмбірлеп ақынның жанын.
Дариғай шіркін домбыраң шертіліп кетсе,
Сенің де хәлің сезімсіз менің де хәлім.
Сөйлесін Моцарт, Бетховен, қайралып тілің
Түсінер дейсің көкем-ау қай халық мұны?!
Тірілген күнің осы деп қазағың жатыр,
Өлетін түнім осы деп ойланып тұрмын.
Жорылған жырың, шошынып түсің кенетте,
Ісінген өкпе,
молаңа түсу керек пе?!.
Жоқ әлде бізге соңғы рет өмірге келіп,
Жоқ әлде бізге соңғы рет ішу керек пе?!
Бұ дүние, о дүние, бақилық,
Жаны құштар ақындар ма өлімге?!
Құдайға да тəн өнер ғой сақилық,
Қанша тұра берер дейсің көгінде?!
Қара мысық кесіп өтсе жолымды,
Маған айтқан деп түсінем кекесін.
Мен өмірден биік қойдым өлімді,
Ақындардың ерге балап əкесін.
Көкке қарай кеткен шығар жан ұшып,
Қақалатын болдым енді түтіннен.
Шаңқай түсте жырым жатыр қаңысып,
Тірлікте түгім де жоқ бітірген.
Маңдайдағы тағдыр деген топалаң,
Есің шығып болды бала ей, несін?!
Аза жыры өлер болсам жоқ маған,
Құдайыңның көрмей өтсем бейнесін.
Сопы басты жазып берер сонда кім?!
Мына тұрыс мұра болмас тобырға.
Мүміндікпен түнеп шықсам болғаны,
Қоңырауын қағып кіріп собырға.
Шайырларға шарап құйса шырт ғалам,
Бейшара жұрт жұмағыннан түңілер.
Оны бірақ, өлілер де ұқпаған,
Құбыласын сылап-сипап тірілер.
Қара бастың қамы болса қайғылы-ақ,
Əжем неге алысты екен құранмен?!
Көз ұшында кетер болса Ай құлап,
Ай орнында Тəңір болып тұрар ем.