Театр өнерінің тарихы ғасырларға кеткен батыс жұртында пьесаны оқып алып спектакльге баратын көрерме...
Бабалардың жүзіне қарар бет бар ма?
Өзінің өмір сүріп жатқан ортасына көңіл толмаушылық бүгінгі біздің басымызға ғана тән жағдай емес екені белгілі. Адамзат жаралғалы келе жатқан үдеріс болар.
Уақыт озған сайын адамзат санасы артып, өркениеті де өркендеуі тиісті нәрсе.
Ал ақыл-парасат, сезім, ар-ұят сықылды осы сана құрамындағы қасиеттеріміз туралы не айта аламыз? Біздің сонау неше мың жыл бұрын ғұмыр кешкен бабаларымыздан қаншалықты айырмашылығымыз бар?
Иә.Өркениет жөнінде кешегі өткен ғасырларды таптап кеттік. Мың жыл түгілі сол бір ғасыр бұрынғы аталарымыздың түсіне енбейтін биіктерге көтерілдік. Бұл ақыл-есімізді дамытып,сонымен қатар түпкі тегімізге апарар тамырымызды да бекемдеп жатыр ма?
Кейінгінің бәрін ескі санардай - қандай жаңа белеске көтеріле алдық? Ең құрғанда кеудеміздегі жұдырықтай жүрегіміз - өзгеше бір кереметтікпен сүйе алатын дәрежеге жете алды ма?
Асылын айтсақ, алда-жалда бабаларымыз тіріліп келіп қалса, оларға қарар бет жоқ сияқты. Мүмкін содан да болар, жақсылықтың барлығы баяғыда болып кеткендей көрінетіні.
Мөлдір су, көкорай шалғын, мамыражай аспан.. тіпті, жазғы жаңбыр астындағы балалықпен,жалаңаш жүгіріп,ойнаған кезде болды ғой!
Қарап отырсаңыз, ниет өзгерген сайын табиғатта қырсыздық танытады екен.Яғни, осы күнгі тірі атанып жүрген ұрпақ - өрлеуге емес,көрге қарай індетіп бара жатқан жоқпыз ба? Неге десеңіз, біз төңірегімізді кемірген алапат бір құрт секілдіміз.
Уақыт пен Кеңістік деген ұғым бар. Біз жасанды тістерімізбен сол екеуін үгіте шайнап, өзімізді бар қып тұрған Жаралысты -тоюды білмейтін ашқарақ айуанша, тірідей жеп жатқандаймыз.
Жаратушы ақырымызды берсін....
Гүлмира Ажиханованың фейсбук парақшасынан алынды.