Дархан Мыңбай. Ауыл ақыны өмірден өтті

ӘДЕБИЕТ
1145

«Тұлпарлар туған жер, сұңқарлар ұшқан жер» – Түлкібасыдан шыққан дарындар мен таланттар аз емес. Туып-өскен жерден ұзамай, ауылда тұрақтап қалған танымал ақын, оңтүстік өңіріне белгілі қария, ауданның құрметті азаматы – Әбдібек ақын Аралбайұлы бақилық болды.

Алла алдынан жарылқасын! Отбасына, әулетіне, аудан халқына, бүкіл шығармашыл қауымға көңіл айтамыз. 

Ол қарапайымдылығымен ауылдастың басын құраған, ауылдағы зиялы ортаны шығармашылығымен, ақындығымен толтырып, дәйім әділдігімен абыройға бөленіп, сал-серіге тән сегіз қырлы өнерімен жастарға жаққан Әбекең еді. 

Жаңалыққа құмар қария қазіргі заманауи байланыс құралының қызметін кеңінен пайдаланып, әлеуметтік желіде шарлауды бір кісідей (жас адамдай) меңгерді. 

Жақында ғана марқұм болған жазушы Мархабат БАЙҒҰТТЫҢ мектепте бірге оқыған досы болатын. Әбдібек ақсақал құрдасынан, сырласынан айрылғанда қатты қайғырды, көп мұңайды. Мәңгілік болмыстың жоқ екендігін ақын жүрегімен сезінген. Өлместі Құдай, тозбасты ұста жаратпайды. 

Десек те, талапты, өнерлі ұрпағына, үрім-бұтағына өшпес өнеге қалдырып кетті. Өткеннен түйген өміршең ойларын, өсиеттерін өлең-жырға қосты. Оның жарық көрген кітаптары да шындыққа, ізгілікке, бірлікке, рухани тазалыққа үндейді. 

«Кітап жолы ғұмыр жолынан да ұзақ» деген даналар. Ал қоғамды тазартатын қасиеті бар ақын сөзі адамды әрқашан адамшылыққа бастайды. Өз ғұмырында осындай ізгі жолды іздеген Әбдібек Аралбайұлының жатқан жері жайлы, топырағы торқа, рухы шат болсын!


Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...