Жақсы өлең жазуға талпынған жас ақындардың ішінде көзге ерекше түсетін бір жігіт бар. Ол Асылан Қуан...
Оралда «Қазақтың Қадыры» атты жыр мүшәйрасы мәреге жетті
Оралда ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдығына арналған «Қазақтың Қадыры» атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы ұйымдастырған жастардың өлең бәйгесіне барлығы 36 үміткер қатысып, бақ сынады.
Қазылар алқасының шешімімен оралдық Айбол Исламғали бас жүлдені (100 мың теңге) жеңіп алды. Жеңімпазға жүлдені ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет тапсырды. Сондай-ақ тағы бір жас талант, жаңақалалық Мәрлен Ғилымхан бірінші орынға көтерілді. Бөрлілік Мейрамбек Сыдық екінші, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің І курс студенті Әділ Ахметов пен сырымдық Бауыржан Ширмединұлы үшінші орынға ие болды. Арнайы екі сыйлық жаңақалалық Ернар Жақсыбаев пен ақжайықтық Абылайхан Мақсұтовқа бұйырды.