Мифтік дәуірде табиғат құбылыстарын түсінуге талпынған адамзат санасы күнтізбе жүйесін дүниеге әкелд...
Мәмбет Қойгелді: Қазақ жерінде Совет үкіметін құрған адамды Мексика арандатушысы деп елден шығарған
Тарихшы, профессор Мәмбет Қойгелді ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған жиында қазақ жерінде Совет үкіметі қалай құрылғанына қатысты тың деректер айтты.
Тарихшының айтуынша, Мәскеу қазақ жерінде Совет үкіметін құру үшін арнайы міндетпен адамдарды жіберіп отырған.
Совет үкіметі Станислав Пестковский деген азаматты Қаз рев комның төрағасы етіп жіберді. Бұл дегеніңіз Мәскеудің қазақтарды басқарудағы бірінші үкіметі. Ол 1919-1920 жылдары бізде билік құрды. Оның алдына екі міндет қойылды. Біріншісі, таптық негіздегі үкімет құру, яғни қазақ байлары мен буржуазиясын биліктен, үкіметтен кетіру. Екіншісі, Қазақстанда Коммунистік партияны ұйымдастыру міндеттелді. Қазақстандағы Коммунистік партияның міндеті қазақ халқын алдап, арбау, қазақ қоғамын басқару болды. Идеологиясының негізі қазақ халқын илеу еді. Пестковсий осы екі нәрсені орындады. Үкіметті құрды, Коммунистік партияны ұйымдастырды,-дейді ол.
Кейін Мәскеу ол адамды кері шақырып алған. Бір-екі жыл интернационалда жұмыс істеген соң оны Мексикаға Совет үкіметінің елшілісі етіп жіберген көрінеді.