Мен жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таңғаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой айтқызып отыр екен...
Мұхтар Тайжан мырзаны М. Шоқайға қатысты сотта қолдауға әзірмін
2008-2009 жылдары "Мұстафа Шоқай жолымен" экспедициясын ұйымдастырғанымды осы ел жақсы білетін болар. Кезінде баспасөзде көп жазылды. Экспедиция құрамында белгілі журналистер, шоқайтанушы ғалымдар М. Шоқайдың жолымен сегіз мемлекетті менімен бірге жүріп өтті. Ешнәрсеге жеңіл-желпі қараған жоқпын. Әр сапар сайын сол бара жатқан мемлекеттегі Қазақстанның өкілетті Елшілігі арқылы сол жердің Мемлекеттік архивтеріне алдын - ала хат жазып, М. Шоқайға қатысты құжаттарға тапсырыстар жасадым. Сегіз елдің мұрағаттарында отырдым. М.Шоқайға қатысты құнды құжаттардың көшірмелерін елге алып келдім. Сондықтан да, әр сапарымда сол мемлекеттегі Шоқайға қатысты көбірек мәліметі бар-ау деген ғалымдармен ақылдастым, менімен жүруге келіскендерін бірге алып жүрдім. Қызылорда, Ташкент бағыттарына ғалым Дархан Қыдырәлі, Еуропа бағытына - Әбдіуақап Қара сияқты ғалымдармен бірге бардық. Негізі, бұл елдік, ұлттық мәселе. Көп болып бітетін шаруа. Осы экспедициядан кейін біздің елде қаншама экспедициялар шыға бастады. Мен тек шаң басқан архивтердегі құжаттарды көтеріп қана қойған жоқпын. М. Шоқайға қатысты қандай ғайбат сөздер айтылды, баспасөзде жала жапты. Сол Мұстафа Шоқайды газетте ғайбаттағандармен Өскеменде соттастым. 2008 жылдың 10-17 шілдесі аралығында аталмыш экспедиция аясында Стамбұлда болдық. Экспедиция құрамында шоқайтанушы ғалым Әбдіуақап Қара болды. Стамбұлдағы, Париж, Ножан, Шель, Берлиндегі М.Шоқайға қатысты алуымыз керек деректердің бәрін алдық. Сол құжаттар менде толық сақтаулы тұр. Зерттеушілермен түрлі кездесулер ұйымдастырдым. Ең бастысы, біз Мария Шоқайдың баласы атанған, біз барған кезде 92 жастағы Әлім Алмат ақсақалмен жолықтым, сұқбаттастым, үйінде қонақ болдым. Айтпағым, Әлім Алмат ақсақал маған: "Мұстафа Шоқайдың тұтынған заттары – жазу мәшинкасы, жеке мөрі, фотосуреттерін, достарымен жазысқан хаттарын, Мария Шоқайдың әндері жазылған күйтабағын – осыдан төрт-бес жыл бұрын Қазақстаннан бір орысша сөйлейтін әйел келіп алып кетті. Мен оған: "Егер Мұстафа Шоқайдың мұражайы ашылса, осы заттардың барлығын сонда өткізерсің"- деп аманаттаған едім. Өйткені жасым келген адаммын, ол жаққа жолым қашан түсетінін білмеймін ғой. Ғалыммын деген соң аманаттап берген едім",– деген еді ақсақал.Осы М.Шоқайға қатысты құнды жәдігерлердің әлі де мемлекеттік ұйымдарға немесе М.Шоқай қорына тапсырылмағаны бәріміздің де қабырғамызға батады. Менің мұрағатымда не барын өзімнен басқа экспедицияға бірге барған азаматтар жақсы біледі. Жарайды, ол басқа әңгіме...Негізі айтпағым М. Шоқайға қатысты сотта Мұхтар Тайжан мырзаны толық қолдаймын. Қажет болып жатса көмегімді беруге дайынмын. Тартынбай сотқа беру керек. Мен сіздерге керек боп қалатын шығар деген ниетпен Өскемендегі соттың бір Қаулысын осында жариялап отырмын. Қажет болса Өскемен қалалық сотының да қаулысын жариялаймын. Мен сол қалалық сотта жер болып жеңілгенмін. М. Шоқайды сатқын, фашист деп шешім шығарған қаулысыда менде сақтаулы тұр. Сосын облыстық сотқа беріп, жеңгенмін. Осы соттарда бір емес, қатарынан екі адвокат жалдауға мәжбүр болғанмын. Бұл көңілсіз ұзақ әңгіме. Қажет еткендер менің парақшама кіріп оқуларына болады. Одан да терең білгісі келгендер болса хабарлассын. Бар құжаттарды жайып саламын. Бұнымен айтым келгені бұл соттада өте сауатты, тарихтан терең хабары бар, табанды, кәсіби адвокат болмаса болмайды. М. Шоқайдың ғазиз есімін қаралауға жол бермейміз! Биліктің М. Шоқайға қатысты кесімді сөзін айтатын уақыты жетті. Әйтпесе оның дұшпандары ешқашан қалғымайды. Себебі оның атынан әлі күнге дейін зәрелері ұшып қорқады.... Сондай-ақ өз қолыммен жасаған экспедиция картасында жариялап отырмын.
Осы текстің астында М. Шоқайға арнап жазған "Шерлі Түркістан" атты дастанымды өзімнің оқуымда ұсынып отырмын.