Оралхан Бөкейдің 7 томдық шығармалар жинағы

ӘДЕБИЕТ
11867

1-том

«Өз отыңды өшірме» жазушы Оралхан Бөкейдің роман жанрындағы тұңғыш шығармасы. Автор бұл кітабында қазақ даласында Совет өкіметін түпкілікті орнату мен Түркістан-Сібір магистралын салудағы қарапайым еңбек адамдарының жанқиярлық ерлігін шежірелейді. Романның оқиғасы қызықты, тілі көркем. Кітап жалпы оқырмандарға арналған.


2-том

Жазушының көптомдық «Шығармаларының» қолыңыздағы 2-томына «атау-кере» романы және «Бәрі де майдан», «Құм мінезі» (Бархан) атты екі повесі енді. романда алтай тауындағы омарташылар өмір-тіршілігі қамтылған. Бас кейіпкер Еріктің, оның шешесі Нюраның, жұбайы айнаның арасындағы оқиға психологиялық ауанда өрбиді. Сондай-ақ бас тұлғаның бірі Таған атты атпал жастың талантын таптаған маскүнемдік дертке душар болу себептері де сезімталдықпен суреттеледі. автор сонымен бірге сонау ашаршылық, жеке басқа табынушылық кезіндегі ел ішіндегі нәубетті дәл көрсетіп, көңілге қозғау салады. Жинақтағы екі повест те тіл көркемдігімен, ой тереңдігімен, образ кесектігімен ерекшеленеді.


3-том

Әдебиетіміздің тарихында өшпес із қалдырған жазушы Оралхан Бөкей тұтас ұрпақты сұлулыққа, адамдыққа, жақсылыққа іңкәр етіп тәрбиелегенді. Ізгілікке құштар қуатты қаламынан туған мәңгі өшпес шығармалары қалың оқырман қауымның айырылыспас жансерігіне айналып, бағыт-бағдаршысы болып кетті. Ғұмыры ерте үзілген аса талантты жазушының бұл томына қазақ әдебиетінің тарихынан ойып орын алатын бірегей повестері, қазіргі тілмен айтсақ – хикаяттары топтастырылып беріліп отыр.


4-том

Көптомдықтың бұл томына жазушының өткен ғасырдың 60–70-жылда ры жазылған алғашқы əңгімелері мен 80-жылдары дүниеге келген «Ауыл хикаялары» атты əңгімелер топтамасы енген. Мұндағы əрбір əңгіме кезінде оқырманын да, əдеби ортаны да тіл көркемдігі мен сүй сінткен, ой тереңдігімен тəнті еткен.


5-том

Көптомдықтың бұл 5-нші томына жазушының кезінде оқырманнан жоғары бағасын алған «Қайдасың, қасқа құлыным», «Айпара ана» сынды повестері мен бір топ әңгіме-хикаяттары және екі пьесасы еніп отыр.


6-том

Бұл томға жазушы-драматургтің кезінде республика, шетел театрларын да сахналанған сегіз пьесасы топтастырылған. Бұлардың барлығы дерлік тақырыптық, мазмұндық жағынан еш уақытта ескірмейтін, сондайақ айтар ой, көтерген мəселесінің құндылығымен бүгінгі де ертеңгі ұрпақтың əмсе рухани қажетін өтей беретіні сөзсіз.


7-том

Өткен ғасырдың 60-70 жылдары тек талантты жазушы ғана емес, жаңашыл журналист, жалынды публицист ретінде де көпшіліктің ерекше ықыласына бөленген Оралхан Бөкейдің бұл томына кезінде әртүрлі баспасөзде жарияланған очерктері мен публицистикалық мақалалары топтастырылған. мұндағы материалдар тақырыптық өрісіне қарай «Алтай әуендері», «Өнер» және «Жастық жалыны» атты үш бөлімге жинақталып беріліп отыр.



author

Оралхан Бөкей

ЖАЗУШЫ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...