1 доллар, 87 цент. Бар болғаны осы ғана. Ол әр күні дүкендерге барғанда бар ақшасын үнемдеп, арзан е...
Қабыл Әбдірахманұлы. Вахта (әңгіме)
«Құрыш қалай шынықтыдағы» бұрқ-сарқ қайнап жататын еңбек қазаны әлі күнге тасып төгіліп жатыр. Күн сөнгенше оттан түспейтін еңбек қазанының кешегіден айырмашылығы идея-мақсатында, бүгінгі еңбек қазаны көп жыл езілген, бүгінде рухани жаңғыру үстіндегі тәуелсіз елдің ертеңі үшін қайнайды.
Машинадағы термометр талма түсте 52 градус ыстықты көрсетсе ұялы телефонның температура көрсеткіші 46 градус ыстықты көрсететін шілденің таңертеңгілігінде жол сөмкесін арқалап желіні сыздаған мама сиыр жүрісті салмағын аудара адымдайтын орта бойлы бір кісі автобазға жиналып, буынып түйініп отырған бір топ шоғырға таяп келді. Ің-ң –ах-ха-ха-ха -деп автобаз ауласын басына көтере кісіней күлген орта жастағы дембелше келген, арнайы темекі тартатын орында отырған шортилы жігіт ағасы бұған:
- Сен-әм, мен-әм пахтаға бара жақпыз - деп кісіней күлді.
Күннің ыстықтығы, жұмыстың қиындығы қаперіне кіріп шықпайтын өзі айтып өзі кісіней күлетін жігітке қарап жаңа қосылған кісі:
- Пайғамбар да мұқтаждықтан қой баққан - деді.
- Қарақалпақтар мақта егеді екен, сол мақтаға мұғалімдерді кезекпенен 15-20 күн еріксіз жұмсайтын көрінеді соны қарақалпақша пахта дейтін көрінеді. Мұғалім сыбайым жасайтын мектепке барғанда сені көретін едім, шахматтан бермейсің бе? -деді. Өзі айтып өзі кісіней күлетін жігіт.
Өзі айтып өзі кісіней күлетін жігіттің қасында шойыннан тұтас құйғандай жұмысқа әбден піскен күнқақты жүздері ызғарлы екі кісінің бірі әлдебіреудің өтірік айтатыны туралы, оның жұмысқа қырсыздығы туралы айтып отыр. Екіншісі әңгімені қоштай отырып, жаңа келген бұған сен де өтірікшінің бірі шығарсың дегендей ызғарлы қарады.
-Иә, мұғалімбіз. Шахмат клубы орналасқан ғимаратта «қызметтік мамандықтар» бойынша даярлайтын ақылы қысқа мерзімді курстар ұйымдастыратын оқу орталықтары бар, солардың екеу - үшеуін бітіріп алдым. Бұрында еңбек демалысы кезінде аспаз болып жұмыс жасайтын едім. Биыл «аттарыңды жиі ауыстырың» деп Конфуций айтпақшы сертификат бойынша Регулировщик-нұсқаушы ретінде жұмыс жасамаққа бекіндім. Регилировщик сөзін қазақшаға нұсқаушы деп аударған. Реттеуші нұсқаушы сөздері бір-бірін қабады. Аудармасы абсурд сөздер де бар. Мысалы жирафты керік дейді. Атақты күйші Сержан Шәкіратты сөйлетсең: «Мойны ұзын теңбіл-теңбіл жануар бұл өлкеде жоқ, болмаған да. Ал, керік сөзі бізде сұлу, әдемі дегенді білдіреді. Құлшардың «Кербез керік» күйі осыны айғақтайды», - дейді
Шөбім түскені осы «Жаңажол Құрылыс» ЛТД болды. Біз үнемі көлеңкеде жүреміз, 15-20 күн күнге қақталып зарядталып, құрыс-тырысты жазып денсаулықты нығайтып алғанды айып көрмейміз. Қойшылық қызметке кемі үш ай қой бақпасаң алмайды. Таза ауа да Суворовша күн кешуге әрбір ерікті азаматтың құқы бар дегендей. Үш ай қой бағуға ертең дәстүрлі Жаңақорғанға барып ем-дом алып келуге де уақыт керек. Күнде ыстық болып тұр. Үйдегі сауданы базардағы нарық бұзады, әлі қан қысымы қалай сөйлейді, - деді сөзі ұзын шахматист мұғалім.
- Мұғалім, 45 минутта қырық бес түрлі ақыл айтады дегенге көзімді жеткіздің аға, - деп, ойын айтып болмай кісіней күлетін жігіт ағасы -ің-ің ах-ха-ха-ха –лап автобазды басына көтерді. Өзі айтып өзі күлді. Шамасы ойы тілдің үшіне келгенде сөзге айналмай, көмейге қарай лықсып қайта бері шалқып күлкіге айналып кететін болуы керек.
- Әй, көжебатырлар! Айдаң ақжағалылар құсап көлеңкеге тығыла бермей анда барып отырыңдар, жұмысқа кедергі келтіресіңдер - деп бокста көлеңкелеп, вахтаның автобусын күтіп отырған кіл сәуріктей жұқалтаң келген оншақта жас жігіттерді бокстың қақпасына дейін қуып тастаған күнге шағылысып жалт-жұлт еткен қолында түйенің жілігіндей ауыр кілті бар қарт механик сауыс-сауыс комбизонын қаудырлатып керзі етігін сүйрете басып аюдай қорбаңдап боксқа қайта кіріп кетті. Қарт механиктің жүрісін салған біреуінің мимикасына ырқ-ырқ күліп, өкшесімен жер теуіп былқ-сылқ жүрген жас жігіттер шахматист мұғалімдер тұрған арнайы орынға келіп темекілерін тұтандарды.
Шофердың қасына жайғасқан бұнымен енді ешкімнің ісі болмады. Кондиционеріңді жайлап қой деп шоферға ескертті де өзі қалғи бастады.
Күн айналып жерге түсердей от есіп тұрған аптап ыстықта түске тырмыса жұмысшылар қалашығына жетті. Жұмысшылар қалашығында 40 тонналық контейнерлерден жатақханалар құрастырылған екен. Контейнерлердің ішін боз қыраулы күз дерсің, сырттан барған кісінің тері қатып кәдімгідей түшкірер күз тымау боларлықтай салқын екен. Алты адамға шақталған екі ярусты кроваттар орнатылған контейнер қорапты бөлмелер кондиционер күшімен салқындатылған. Душ кабиналарында ыстық су салқын су тас төбеңнен саулап тұр. ТБ-шниктер қауіпсіздік ережелерімен, қалашықтағы жүріс тұрыс ережелерімен таныстырып қол қоймаққа топ тобымен кабинеттеріне тоғытып кіргізіп алып мораль оқиды. Шахматист мұғалім - регулировщик төрде жасыл желетті ақ каскалы ТБ-шникке жақындап барып қол қоймаққа ыңғайлана бергенде ұзынбойлы жол қауіпсіздігіне жауапты жігіт:
-Абеке, Мына регулировщик әкеммен жасты екен деп жасының біршамаға келгенін қағытып өтті. Мұғалім сөзден қалғанба қалжыңдаған жігітке сыртын бере тұрып:
-Бұл мекемеде де боқтауға құқым бар бір бастық табылды деді
-Қойыңыз, адам құрығандай бастықтарды боқтаудан жұмыс бастағалы тұрмысыз, әдепті болыңыз әйтпесе ...- деді төрдегі әлдебір қағаздарға қол қойғызып отырған ақ каскілі жасыл желетті ТБ-шник шахматист мұғалімге қарап езу тартып
-Бір тиынның құлы болып жүрген кісіде неғылған нәндік дейсің қам жеме нәшендік деді шахматист мұғалім.
Күрең каскі ( дулыға), күрең желет, қызыл түсті таяқ ұстаған шахматист мұғалім қызыл құмырсқа түске еніп жұмыс адамына айналып шыға келді. Жасыл желет,ақ каскі (дулыға) кигендер үлкенді –кішілі бастықтардың құрамында болып келеді екен.
Асханадан тамақтанған бұлар сағат 13.30-де өздерінің жұмыс орындарына автобуспен жеткізілді.
Төлеген Айбергеновтың жырындай бұрқырап екі асфальт зауыты мойындарын созып алып күніге, әрқайсысы 1200 метрлік жолға жететін асфальтті көрдім демейді екен. Кузовындағы 20-25 текше метрлік жүктің салмағын оқушы сөмкесі құрлы көрмейтін кең астаулы қытайлық «шахман», «коба», «стерба»-лар сөткелеп тыным таппай шапқылап жүр. Шәй құйған жаңа түскен келінше ожауы топырақтан бір құрғамайтын «хундай» экскваторлар төбелерді әпсәтте жеп тауысатын қомағай болады екен. Айлы түнде айға қарап ұлыйтын құртқаларша әрбірі әртөбенің басында шоңқиып алған экскваторлар шаңды бұрқыратады келіп. Күн бір жауса терек екі жауады дегендей, күн бір ысыса шағыл топырақ екі ысиды.Тауықтың жұмыртқасын бетіне көмсең жұмыртқа пісетін ыстық. Төбе төбе етіп отметщиктер төктірген топырақты жаюға қытайлық «шантүй» булдозерьлер,грейдерлер кіріссе, катоктар жол таптайды. «Водавоз» деген жазуы бар 10 тонналық су машиналары ұзына бойы геодистер өлшеміне ылайықталып жайылып, тапталған топырақты бұқтырып, иін қандырып нөсерлетіп жүр. «Қырманға кел қалқатай »-әнінің шырқалатын жері міне осы.
Шахматист мұғалім қызыл құмырсқа түстеніп киініп алып қытайлық жүк машиналарды жолға шығарып, жолдан күтіп алып тұр. Экскватор тасбақаның дауылынан жаман дауыл туғызады екен. Самұрық құс қонарда дауыл тұрады дегенді оқығаны бар еді.Төбе басында ойқастап тұрған экскватор тұрғызған шаңды дауыл жел төбе жаққа ауысып соқса көз аша алмай қаласың. Дауыл емес бархан дерсің. Үсті басы шаң-шаң тісі топырақтан қышыр-қышыр еткен шахматист мұғалімнің тек көзі жылтырайды. Су өтпеген жерге шаң өтеді деген тершіген мойынына бір елі майлы топырақ қаймақтанып жабысқан, ауыр ботинкасының қонышынан ба басқа жерінен бе шаң өткен аяғындағы шұлығы майланып жаман әсер етіп тұр.«Ал саған күннен заряд алған керек болса, ал саған Суворовша 15-20 күн өмір сүруге құқың бар болса, салпақтап қой бағам дейсің еще, Конфуциды айтатынын айтсайшы ойбай-ау не жетпейді осы саған,шахматыңды ойнап көлеңкеде таптаза болып жүре бермейсіңбе?» - деп шахматист өзіне өзі ұрысып тұр. Жаңа әзірде бортты газелін жабусыз мініп діңкілдеп жүретін БД-шник жұмысшыларға таратып жүрген баклашкадағы мұз қатқан суы сүт пісірім болмай ысып кетті.Ысыған суға пластмассаның иісі ұрып ішсе құсқысы келеді. Күндегі түс мезгілінде көз шымырын алатын дағдысы бар еді,ұйқы деген арсыз ит 14.00-16.00 арасында жаман қысты. Ауыр ботинкісіде зіл тартып жерге жабыстырып барады.
Діңкең құрыса қара жер болар болар мақпалдай демекші асфальт жолдан әрі өткен бері жүк машиналарының ыстық лебіне кеудесін тосып солығын басып жан сақтап тұр. Дегенмен шахматист мұғалім ермек тауып алды.Ойша шахмат тахтасын жайып қайдағы Х ойыншымен логика сайыстырады. Өзі-өзі мен күбірленіп жүріп алғашқы күнінде өткізді-ау.
19.30-да автобусқа отырды. Автобуста қайдан сап ете қалғаны ойына Тарас Шевченконың кемеге отырардағы сахараны басып тұрып айтты дейтін соңғы сөзі оралды. Қайран данышпан жазушы Тарас Шевченко жазықты болып жер аударылып келіп, кесігін аяқтап, айдауда күнін өткізген қазақ сахарасына қарап тұрып: «ит байласа тұрғысыз жер екен,бірақ осы жерде қандай тамаша жандар жасайды десеңші» - депті.
Жұмысшылар қалашығына келіп жуынып шайынып, кешкі тамағын ішіп ерте жатуға қамданды. Автобустың шоферымен бөлмелес екен. Автобустың шоферы сергек. Омар Һаямның рубайларын орысша төгіп-төгіп жібереді де дәл сол төрт тағандардың қазақша Қуандық Шаңғытбаевтың әлде Рза Оңғарбайдың тәржімасы болуы керек қазақша судыратады.
Шахматист мұғалім таңданысын жасыра алмай:
-ОҺо-деп қалды.
Ұйқысы қанбай жүргендей манаурай мұрынынан сөйлейтін автобус шоферы:
-Аға ішімдікке қалайсың деді.
-Ішпеймін.Негізі адамды жолдан қалдыратын нәрсе ғой.Сағанда кеңесім әуес болма, оның үстіне күн ыссы ғой-деді шахматист мұғалім.
-Қанша жаман болса да ,араққа сау болсыннан басқа айтпаймын. Арақ сау болсын 540 (бес жүз қырық) әйел затымен төсектес етті деді мұрынынан сөйлейтін автобус шоферы.
-Санап жүрсіңбе -деді. Таң қалған шахматист мұғалім
-Аты-жөнін күнін жазып жүремін-деді автобус шоферы. Осы кезде, жиналысқа деп дәлізден біреу айқайлады.
50-60 тай адам шеңбер жасап жиналып тұр екен. Бұлда шетіне барып тұрды.
-Арыз-шағымдарыңыз барма деді ортада тұрған ТБ-шник. Әзер тұрған болуы керек орта бойлы алпыстарға келген бір кісі:
-Кеше түсте барған тамақтың ішінен болть шықты, компот керек емес түсте жұмыс басына шай жіберсін деді.
-Түнгі кезектен келгендер душта ыстық су болмағанын айтты-деді бір жас жігіт.
-Бүгінгі түскі тамақтан шаш шықты –деді енгезердей бір жұмысшы.
-Механиктер техникадан хабары жоқ. Ремонтта тұрған «коба» машинама бір поршеньді теріс салып жіберіп блоктан айырды. Ал мен күндегі табысымның жартысынан қағылдым. Қарайған машинасы бар базда поршень салуға 2500 теңге тұратын бір зажим табылмады. Бір күн босқа кетіп зажим алдырдық-деді қырғыз акщенті бар бір шофер түтігіп. Түтікпей қайтсын біреудің кесірінен табыстан қағылды.
-Айран-сүт ішпегелі апта болды деді көзілдірік таққан аласа бойлы бір кісі.
-жұмыс басына нанды жіберіңкірең-деді. Қазақша сөйлеседе өзбекше акценті жеңіп тұратын шахматист мұғалімнің тағы бір бөлмелесі,нанды шамадан тыс көп жейтін экскваторшы өзбек жігіті:
Біраз үнсіздіктен соң,арыз-шағым айтылып болды-ау дедіме ТБ-шник дауысын көтере:
-Бұның бәрі өткен вахтада болған екен, сіздер бір айлықтағыларсыңдар ғой ә-деп сұрайлы жүзбен шағымданғандарға қарап алған ТБ-шник сөзін қайта жалғады.
-Аспаз құрамы өзгерді, тамақ сапасына көңіл бөлеміз. Шағым кітапшасына жазыңдар-деді.
-Жаздық, жаздық қажет болса соткаға түсіріп алдық – деді жұмысшылар.
Екі күннен соң регулировщиктердің бірі мәселе көтерді. Таңертеңгі мезгілде мәселе көтеретін жаңадан жұмысқа келген орта бойлы қағылез жігіт Регуловщиктер түгел ТБ-ға деп тұрып алды.Тб-шниктің өзі де келе кетті.
-Мәселені шешіп алуымыз керек деді қағылез жігіт.
-Асеке, не мәселе деді ұзын бойлы жол қауіпсіздігіне жауапты ТБ-шник.
-Біз, бекет басынан түскі тамақ ішуге қарсымыз-деді Асекең
-Бұрынғылар ішіп жүрді ғой не болды деді ТБ-шник
-Мен, мұнайда да, жолда да Түріктерде де, Американдықтарда да ,қытайлықтарда да істедім. Барлық жерде айтарым бірінші условия (қолайлы жағдай) болсын деймін.Шаңның астында шаң-шаң болып отырып тамақ ішпеймін,тамақ жіберсең қайтарып жіберемін-деді Асекең. Ашудан жүзі күреңітіп кетсе де тілін тістеген ТБ-шник:
-Сіздер не деді?
Екі жас регулировщик : -Ішпейміз - деді келісіп алғандай.
-Ал, сіз деді шахматист мұғалімге тістене қараған ТБ-шник
-Мен бұл жерге условия іздеп келгенім жоқ еді, жігіттердікінде теріс дей алмаймын.Бөлініп кетсем ізімнен сөз ереді. Ұсталмаған қарыз бір күн оразам бар еді – деймін деді.
Жақсы ақылдасармыз, жұмыстарыңнан қалмаңдар деп ТБ-шник бұларды шығарып салды.
Қағылез жігіт жаратпағандай:
-Таңертең тамақ іштіңғой оразаны неге қыстырдың деді.
-Шахматта сондай жүрістер бар-деді шахматист мұғалім. Бұл мәселе түсте қайта қозғалды. Бекеттің басына тамақ тарататын автобус келді. Шахматист мұғалімнің паегі де келді. Паегін алған бұл «Құрқылтай шебер ме? Құдай шебер ме?»-деген. Регулировщик мықтыма ТБ-шник мықтыма шешілсін алаңсыз тамақтана берің деп су ішіп тымсырайып отырып алған. Регулировщиктерге прораб арнайы көлік жіберіп базға алдырып тамақтандырды. Салқын суға түсіп шөп шаламнан дайындалған біріншісі бар тамақта жеп болған соң прораб кабинетіне шақырды. ТБ-шникте сол жерден табыла кетті. Тыжырынып отырған ақ каскілі прораб:
-Иә, жігіттер не мәселе деді. Асекең баяғысын қайталады.
-Жоқ жігіттер тамақ басына барады –деді прораб
-Біз офиске барамыз-деді Асекеңде қайтпай.
-Барсаң бар,ол жерденде еститінің осы сөз деді прораб
-Бірақ сіздерді ликвидировать етеді – деді Асекең
Іс насырға шаппасын деп шахматист мұғалім сөз алды.Мұғалім сөйлегенде бүй деді:
- Қарға тамырлы қазақпыз. Азия даму банкінен жер асты қазба байлықтарын кепілге қойып несиеге алынған қыруар қаражатқа Түріктерге мердігер болып 50 шақырым жолды асфальтап жатырмыз. Инвесторлардан итальяндықтармен істес болдым. Обалы не керек ол жерде еңбек сапасына көңіл бөлетін еді. Кейбір инвестор компаниялар жергілікті тұрғындарды езгізі келеді. Қазақ өзін-өзі езбесін. Жұмыс сапасы мен еңбек сапасы туралы әлем экономистері әр түрлі көзқарас танытып отыр. Сіздер ақша қуып жұмыс сапасын ғана ойлайсыңдар. Қазақстан халқының 5-ақ пайызы жұмыс берушілер. 70-80 пайызы қарапайым жұмысшылар. Еңбек сапасы дегенде жұмысшылардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларына баса назар аударылады. Жұмыс сапасы екінші кезекте тұрады. Жұмыс сапасына назар аударып әлеуметтік мәселелерге көңіл бөлмеу адамда адамның қанауы болып табылады. Халық аралық ұйымдарда қанау еңбек өніміне аса мұқтаж дық танытпау мәселелері күн тәртібінен түспейді. Асекеңнің қозғап жүрген мәселесі мың жылдықты ойлаудан туындап отыр. Егер халықтың көзін құлдық психологияға ақша тапсам болды ға үйретсек мемлекетіміздің беріктігінің арқауының бір тініне көңіл бөлмеген боламыз. Инвесторлар еңбек сапасы қалыптасқан өндірістік көз қарасы орныққан халықпен санасады.
Мысалы Европа елдеріне барып жұмыс істейтін компаниялар еңбек сапасына көңіл бөлуді бірінші парызы деп біледі. Механиктерді тестпен қабылдау керек екенін өзіңізде біліп отырсыз. Механиктерің күнде таңертең техникалық байқау өткізбейді. Ал шоферлардан машиналарының бір секунд кідірмеуін талап еткеніңізді көріп жүрміз. Бұл маған тиісті емес мәселе. Дегенмен ортақ мәселе. Бекет басына көшпелі будкалар мен көшпелі душтар орнатылса кім әңгіме айтады. Ас адамның арқауы дейді. Тамақтану туралы Төрегелді Шармановты да оқып қойған артықтық етпес.
Таңертеңгілік асқа әңгіме жоқ. Түскі аста бірінші суп емес сәбізден жасалған шырын дер едім. Мен аспаздық туралы тамақтану туралы көп оқыған адаммын. Жол жұмыстарында радияция бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Көкөніс өнімдері қазір арзан маусымында бір мезгіл көкөніс берілуі керек. Түскі тамақтың біріншісінде ет жоқ. Ет болуы керек. Тоңазытқышта сақталған өлі ет емес. Мына бір екі қырдың аржағында «Сенек » ЖШС мал шаруашылығымен айналысады. Шаруашылықтың малы әлдеқайда арзан соған тапсырыс берілсе еттен проблема болмас еді. Тамақтанудың рационында бірінші деп аталатын сорпада міндетті түрде шабылған сүйек етімен қоса қайнауы керек. Алыстан ет арбалайтын барлық жұмыс беруші жергілікті жердің осы шаруашылығымен келісім-шартқа отыруы жергілікті шаруашылықтың дамуына жағдай туғызуы керек. Әрине бұл үшін сіздерді кіналаудан аулақпын бұны реттейтін жергілікті әкімдік не әкімдіктің әлеуметтік саласын басқаратын орындар соларға тиісті жұмыстар. Сіздер жұмысты білесіңдер. Мен өзім условия сұрамаймын. Бірақ бүгін солай жасалмаса ертеңгі ұрпақтарымыздың хал күйін көзге елестету қиындау. Асекеңді жұмыстан қумаңыз,қайта өзіңізге көмекшіліке жоғарылатыңыз. Осы жерге келгенде жол қауіпсіздігіне жауапты ТБ-шник еріксіз күліп жіберді де жалғастыра бер дегендей сөйлеушіні қостағандай бас изеді. Ағып келе жатып кілт тоқтаған сөйлеуші екі ауыз сөзден кейін сөзін доғарды. Қай жерге келгенін ойша тауып алып селқос сөзін жалғаған шахматист мұғалім: Мысалы ТБ-ның көмекшілігіне,екі айлық курсқа жіберіп алыңыз осындай жігіттер арамызда болса біздің жоғалтарымыз аз болады мүмкін мүлде болмайтында шығар. Көп сөйлеп кетсем артықтығы жоқ –деді.
-Сендер не ішсеңдер менде соны ішемін. Мен 1800-2000 шақырым жол салған прорабпын. Бос сөзді қойың жұмыстарыңды жасаңдар. Сенің айтқандарыңды шешіп беремін. Мына жігітке көмектесейін. Қағазы болса ұсыныс беремін. Бірақ түсте басында боласыңдар-деді прораб. Бірге жұмыс жасаймын десе курстан өтсін Айғайшыл прораб сыр бермеді. Әйтседе регулировщиктерден сасайын дедіме прораб ақ каскісін шешіп тершіген маңдайын алақанымен сүртті. Прораб жұмысқа жан бітіріп бортты уазикті жабусыз мініп алып діңкілдеп жұмыстың ырғақтылығына, жұмыс сапасына мән беретін адал істейтін жігіт екенін жұмысшылар байқайды.
Күн ара өткізілетін дәстүрлі кешкі жиналысқа төрт адам қатыспайды. Қатыспайтынның бірі 540 (бес жүз қырық) әйелмен төсектес болдым дейтін автобустың шоферы. Ермегі уатсап болған соң көлденең проблема не керек дейтін шығар?
Екіншісі компорт экскватор айдайтын, Джип машинасында отырып түскі тамағын ішетін экскваторшы.Бұрын ақжағалы райком болғанба кім білсін. Атын сұрағандарға:
-Оразғали Әбдуғаниевич, Бейнеуден дейді де қояды. Ары қарай сенімен сөйлесуге зауқы жоқ болғасын созбайсың.
Ассалаумағалеукум, Уағикассаламнан басқаға тереңдетпейді.
Жиналысқа қатынаспайтынның үшіншісі жағына тыным жоқ, өз тарихын жыр қылып айта жүретін «шахманның» шоферы.
Жетінші сыныпта мектептен қуылған соң кісәпірлерге (карманщик) қосылып үлкен қалаларда ұры-қары болғанын,89-да жаңаөзен оқиғасына қатысқанын, беріректе мешітте молдалардан сабақ алғанын бәрі біледі. Жиналысқа неге қатыспайтынын сұратпай-ақ өзі айтады. «Мәселердің оң шешімін Алладан сұрау керек. Жаратқан пендесіне сабыр сыйлайды. Сабыр бәрін шешеді. Не бәрінің аузы бір болса жұдырық шешеді-дейді. Өзінің телефоннан аузы босамайды. Негізі жиналысқа құлқы жоқ. Ал төртіншісі балдыз деп қалжыңдаған бульдозершіге ренжіп қалған орыс жігіті.
Автобуста шамына тиіп сөйлетейін деді ме? Кім білсін. Орындықта отырған орыс жігітіне қарап: - біз тұрғанда орысқа орын болатынба еді деп жасын бұлдап орын сұраған булдозерші жездесіне өкпелеген орыс жігіті таза қазақша: «Сіздер адам да орыс адам емеспе?» - деп көтенге өкпелеген қойшыша сөйленіп орын берген жездесі қалжың деп еді?
-Мен, қалжыңды түсінбеймін деді. Содан жиналысқа қатыспайды. Негізі футболға қызығады-ау деймін,теледидардан футбол қарайды. Жиналысқа қатысу керек қой? Жиналысы бар, шахматист мұғалімнің лекциясы бар содан условия жағына ойысайық.
Вахтаның жартысында жұмысшылар жұмыс жасап жатқан бекеттің басына көшпелі будкалар, көшпелі душтар мен 500 литрлік пластмасса су сақтағыштар жеткізілді. Танк батереясына жалғанатын күннен энергия алатын шағын күн батереялары және су айдайтын насостар қолданысқа енгізілді. Тамақ мәселесі де реттелді.Жиналыстарда шағым айтылмайттын болды.
***
Вахта аяқталды.Кісінеп күлетін жігіт ағасы күлмейтін болыпты. Автобуста өзімен өзі отыр. Күн қақтаған жүзінде шаршау бар.
Ал, жақсы келесі вахтада көріскенше болып тарасарда шахматист мұғалім мәселе көтергенқағылез жігітке қарата:
-Інім оқуға барасыңба?
- ТБ-ның курсы бізге жақын жерде бар әрі арзан, деді.
-Аға, әзірге жағдайымыз жаман емес қой, осынымда жүре тұрам да - деді мәселені қабырғасынан қоятын қағылез жігіт.
- Оныңда дұрыс. Негізі прораб азамат екен деді шахматист мұғалім. «Шоферлық куәлігім жатқан жерде қалып қойыпты», - деген Шахматист мұғаліммен бөлмелес мұрнынан сөйлейтін шофердың байбаламы жұрттың назарын өзіне еріксіз аударды.
ҚАБЫЛ ӘБДІРАХМАНҰЛЫ