«Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форумы өтеді

ӘДЕБИЕТ
1766

1973 жылдың 4-9 қыркүйек күндері Азия және Африка жазушыларының V конференциясы өткен болатын. Әлі күнге дейін аға буын қаламгерлері аңыз қып айтатын ол шараны Қазақстан жазушылар одағы өткізген еді.

Күллі кеңестік әдеби кеңістігінің назарын аудартқан ол конференциның өткеніне биыл тура 45 жыл толып отыр.

Әрине, бұрынғы заманға қарағанда, қазір конференция, форум, симпозиум сияқты халықаралық шаралар ешкімге таңсық емес.

Қазақ Елі тәуелсіздік жылдарында әр түрлі салада, әр түрлі тақырыптарға арналған жүздеген еларалық басқосулар ұйымдастырды.

Қазақстан жазушылар одағы да осы жылдар арасында көптеген халықаралық әдеби жиындарға мұрындық болып келді.

Енді биыл араға 45 жыл сала отырып, 20-21 қыркүйек аралығында Қазақстан жазушылар одағы «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты үлкен Еуразиялық әдеби форум өткізгелі отыр.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қолдауымен ұйымдастырылып жатқан бұл форум Елордамыз – Астана шаһарының 20 жылдығына арналады.

Форумға Еуразия құрлығының түкпір-түкпірінен әлемге белгілі қаламгерлер (Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, Түркия, Латвия, Венгрия, Польша, Молдова, Армения, Украина, Болгария, Моңғолия, Азербайжан және т.б.), сол елдердегі жазушылар ұйымдарының басшылары және еліміздің барлық аймақтарынан қазақтың белді ақын-жазушылары қатыспақ.

Форумда бүгінгі замандағы әлем әдебиетінің даму барысы, әдебиеттегі жаңа образдар мен көтеретін соны тақырыптар, қаламгер тағдыры мен оның қоғамдағы орны, әдебиеттің жаһандық проблемаларды шешудегі қуаты мен рөлі, аударманың хал-ахуалы, сынның дамуы, драматургияның жағдайы сияқты үлкен һәм маңызды мәселелер талқыланады.

Бұл форум жаңа заман әдебиетінің интеллектуалдық ресурстарын жинақтайтын және халықаралық ынтымақтастық пен мәдени сұхбаттарды дамытуға арналған биылғы жылдың ең ірі әдеби жобасы болмақ.

Әдебиет тынысын зерделеуге арналған форумды өткізу ұлтымыз үшін үлкен абырой және сонымен қатар зор жауапкершілік!

Баршаңызды осы форумға шақыра отырып, төменде аталып отырған шараның бағдарламасын салып отырмын.

20 қыркүйек
Сағ.10.00 де форумның салтанатты ашылу рәсімі.
«Әдебиет және жаһандық мәселелер» және «Аймақтық әдебиеттердің дамуы» тақырыптары бойынша пленарлық отырыс.
«Заманауи Еуразиялық әдебиет» атты кітап көрмесі.
Өтетін орыны: Тәуелсіздік Сарайы. (Тәуелсіздік даңғылы, 52.).

21 қыркүйек
Сағ.10.00 мен 13.00 аралығында 4 секция бойынша:
1.«Жаңа заман поэзиясы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер»,
2.«Жаңа заман прозасы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер»,
3.«Драматургияның өзекті мәселелері»,
4.«Қазіргі аударма ісінің хал-ахуалы» тақырыптарында басқосулар.

Қосымша:
Форум аясында Қазақстан Жазушылар одағы мен Иран жазушыларының қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық меморандумға қол қойылады.

Өтетін орыны: «Hilton Garden Inn Astana» қонақ үйі, Қабанбай батыр даңғ. 15.

Қазақстан-Ресей қаламгерлерінің кездесуі өтеді.
(ҚР Ұлттық Академиялық кітапхана, Достық көшесі 11)
.


Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...