Сағди Ширази / Көктем (نوبهاري) (Nobahari)

ӘДЕБИЕТ
2313

Мына бір бақшаның жағдайы қалай,
айта гөр көктемнің желі:
мұндағы гүл сүйген бұлбұлдар бұлай
ешқашан жыламаушы еді?
Расында, бірде бір гүл жоқ қой мұнда
тең келер жүзіңе сенің:
бұл гүлдер сен болып батырмас мұңға,
сен сынды бола алмас керім.
О, менің, сарқылмас жанымның нәрі,
дертімнің дауасы және;
қолыңда емес пе әлемнің бәрі -
жанымды емдеші, кане:
өлген соң тағы бір өмірді жаңа
қалайды жарым-жан көңіл -
әйтпесе жалғыз-ақ үмітпен ғана
сарқылды мына бір өмір ...


madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...