Күн сайын төрімізде сөйлеп тұрған «Қоғам ТВ» телеарнасының түп негізін қалыптастырған ақ...
Шырылдауық шегіртке
8027
ШЕГІРТКЕ МЕН ҚҰМЫРСҚА
(И.А. Крыловтан)
Шырылдауық шегіртке Ыршып жүріп ән салған, Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған. Жаздыкүнгі жапырақтың Бірінде тамақ, бірінде үй. Жапырақ кетті, жаз кетті, Күз болған соң, кетті күй. Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ, Өкінгеннен не пайда? Суыққа тоңған, қарны ашқа Ойын қайда, ән қайда? Оныменен тұрмады, Қар көрінді, қыс болды. Сауықшыл сорлы бүкшиді, Тым-ақ қиын іс болды. Секіру қайда, сүрініп? Қабығын қайғы жабады. Саламда жатып, дән жиған Құмырсқаны іздеп табады. Селкілдеп келіп жығылды, Аяғына бас ұра: — Қарағым, жылыт, тамақ бер, Жаз шыққанша асыра! — Мұның, жаным, сөз емес, Жаз өтерін білмеп пе ең? Жаның үшін еш шаруа Ала жаздай қылмап па ең? — Мен өзіңдей шаруашыл, Жұмсақ илеу үйлі ме? Көгалды қуып, ән салып, Өлеңнен қолым тиді ме? — Қайтсін, қолы тимепті, Өлеңші, әнші есіл ер! Ала жаздай өн салсаң, Селкілде де, билей бер! Аударған Абай Құнанбайұлы